Қазақтың аңызға айналған композиторы әнші сазгер Жаяу Мұсаның нақты суреті табылды

Қазақ мәдениетінің құнды олжасын Абай қорығының директоры Жандос Әубәкіров жариялады! Суретте бейнеленген Мұса атамыз қазақтың киіз үйінің маныңда 1927ж 93-жасында түскен!

Сурет авторы орыстың этногрофы Федор Фиельструп. Ол 1927ж басында қазақ жеріне этнографиялық зерттеуімен келген. Этногрофтың жазба күнделігіне сай ол Семей, Павлодар, Баянауыл жерлерінде болып атақты Шорман байдың ұрпақтарын тауып олармен 150- сурет түсіріпті. Суретте сол кездегі қазақтың ұлттық киімі, тағамдарымен тұрмыстық заттары анық байқалады. Сондай сурет ішінен 93 жасар Жаяу Мұсаның суреті табылған.



Бөлісу: