«Жігіттер» квартеті ана туралы бейнебаян түсірмек

«Жігіттер» квартеті ана туралы бейнебаян түсірмек
жеке
блог

«Жігіттер» квартеті бірер күнде әні мен сөзін Бауыржан Есебаев жазған «Ана» атты әнге бейнебаян түсіреді. «Жігіттер» жаңа бейнебаянның сюжеттік желісін әлі ойластыруда.

Бүгінде Ерғали Әбдірайымовтың басқаруындағы продюсерлік орталықта бірнеше өнерлі әншілер бар. Олардың арасында «Жалын» тобы, Асқар Жүнісбеков, «Жігіттер» квартеті сынды өнер жұлдыздарын кездестіруге болады. Продюсерлік орталық осы әншілердің шығармашылықтарымен қарқынды түрде айналысуда. Егер сәтін салса, Ерғали Әбдірайымовтың өнер ошағы халық алдында есеп беру кешін де өткізуді жоспарлап отыр. Арнайы концерттік бағдарламаны Ерғали Әбдірайымов өзінің қолына алып, әр тетігін қадағалауда.

http://1tv.kz/kk/news/culture/16032012/zhigitter