Мүмкіндік, 10,000 сағат және тәрбие

Мүмкіндік, 10,000 сағат және тәрбие
жеке
блог

Кристофер Ленган 195 интеллект көрсеткіші (ағылшынша IQ – intelligence quotient, «ай кью» деп оқылады)не еге болған 62 жастағы Америкалық кісі. Бұл көрсеткіш Эйнштейнде 150-180 аралығында болған деген болжам бар. IQ көрсеткіші Кристофер Ленганды Эйнтейннен «ақылдырақ» екенін дәлелдемеседе , оның Альберт Эйнштейндей жоғары қабілет егесі екендігін көрсетеді. Кристофер Ленган жасаған «ми және реалдық арасындағы қатынас» назариясы, «1 vs. 100» зияткерлік шоуында жеңіске жетіп 250,000 АҚШ долларына еге болғандығы, алты айлық уақытынан бастап сөйлей бастағаны, 4 жасқа дейін ақ еркін түрде жазуды және оқуды үйренгендігі, ең негізгісі оның өте жоғары дәрежедегі IQ көрсеткіші мұның жарқын айғағы. Ол сөзсіз күшті ақыл-ой егесі.   Соншалықты жоғары дәрежелі ақыл-ойға еге бола тұра  Кристофер Ленганның пікірлері ешқандай ғылыми баспаларда жарияланбаған, ол «Microsoft»тыда ойлап таппаған және ешқашан Айғада ұшпаған.

  Бақыт формуласы деп қабылдауыңыз мүмкін болған «Мүмкіндік, 10,000 сағат және тәрбие»дегі үш негіздің екеуі ол кісіге жетіспегендіктен, ол бүгінде миллионерде емес, керісінше Америкада қарапайым бір ауылда орналасқан үйінің егесі. Осы орында бақыт формуласының негіздеріне жеке жеке тоқталып, пікір білдірсек, «Неге Стив Жобс Қазақстанда емес?» деген сұраққада шынайы жауап туындайды... .

Мүмкіндік

  Сіз бұл қатарларды оқып отырсыз, демек әлемде интернет пайдалануды құрайтын 40% халқының бірісіз. Яғни, 4 миллиардтан астам кісі интернет не екендігін білмейді немесе оны ұдайы пайдаланбайды. Осы халық қатарына қосылмас бұрын артыңызға бір сәт қарап алғаныңыз жөн болар. Сізді біреу дүниеге әкеліп, тәрбилеп, бала бақшаға және мектепке апарып, білім беріп, кәсіп үйретіп, материалдық және моральдық көмектен басқа, өміріңізде үлкен бұрылыс жасаған азда болса мол мүмкіндікке еге болған күндерді еске алыңыз. Қысқа болсада болған, сізді жеңістерге бастаған сәттерді, кісілерді ойлаңыз. Асықпай еске алыңыз!!!

«Microsoft»тың негізін қалаушылардан бірі, соңғы 20 жылдың 15 жылында әлемнің ең бай кісісі ретінде танымал болған Бил Гейтс 1955 жылы туылған болып, балалығынан жеке меншік мектепте білім алған. Өз компьютері және компьютер үйірмесіне еге жеке меншік мектепте. Ата аналар жинаған қаражатқа алынған ASR-33 Teletype компьтері қала орталығындағы негізгі компьтерге қосылған болып, оқушыларға дәстүрлеуді «бірдей уақытта жұмыс жасау» негізінде үйретуге мүмкіндік жаратылған. Ең негізгісі компьтер үйірмелері сол 60- жылдары коллеждердеде болмаған. Барларыда дәстүрлеуді «бірдей уақытта жұмыс істеу» негізінде емес, көп уақыт және еңбекті талап ететін «карточкалар» тізімі негізінде үйрету мүмкіндігін берген. Малколм Глэдвелмен болған сұқбатында естеліктерін еске алған Бил Гейтс спорттанда, басқа сабақтарданда сырт айналып, тек қана күндіз түні сол компьтермен әре болып жаңа идеяларды бірінен соң бірін жаратқанын еске алады.

195 IQ ға еге болған, ой денгейі Бил Гейтстенде жоғары болған Кристофер Ленган болса кедей жанұядан шыққан болып, коллежге қатынау үшінде 21 километр қашықтықты жаяу басып өтетін. Екі үш жерде істеп, жанкешті әрекет жасағанына қарамастан оны бітіреде алмайды. Бір жарым жыл оқуды коллеж жүлде қоры есебінен оқыған Ленганның анасы осы жүлдені жаңалау үшін жіберілген хатқа қол қоюды және оны өз уақытында коллежге қайта жіберуді ұмытады. Осы кездейсоқтық нәтижесінде ол оқудан қуылады.

Ия, сіз данышпан болып туылған болуыңыз мүмкін; мемлекет немесе бүкіл әлем бойынша ең ақылды кісі болуыңыз мүмкін, бірақ өмір жолыңызда сіз үшін мүмкіндіктер, сәттер жаратылмаған болса сіз жетістіктерге жете алмайсыз.

10,000 сағат

Үй салуға ұста жалдайсызба, тойыңызға асаба немесе аспаз жалдайсызба, қол астыңызға жұмысшы қабылдайсызба, ең басында «Тәжірейбесі барма?» деген сұраққа жауап іздейсіз. Малколм Глэдвел баршамызға жақсы таныс, аты аңызға айналған «Битлз» тобы туралы сөз бастағанда, топ құрылғанда оларда бар жоғы үш әннің болғанын және олар сол үш әнді кішкене бір барда әр күні 8 сағат бойы айтқандығы туралы тоқталып өтеді. Уақыт өте оларда жаңа әндер пайда бола бастайды және олар екі жылдан астам уақыт бойы әр күні сахнаға шығады. Бар сахнасына. Олардың көрермендері және жанкүйерлері қарапайым, және көпнесе ішімдікке сылқия тойған мас кісілер болған. Битлзте тек 3 ғана әні бар жастар болуына қарамастан, мүмкіндіктен пайдаланып ән шырқай берген, тынымсыз шығармашылықпен шұғылдана берген.

Көптеген мысалдарда тәжірейбелі мамандардың 10000 сағаттан кем болмаған уақыт бойы өз үстінде істегендерін көреміз. Бұл аспазғада, бишігеде, компьтер маманынада жалпы барша кәсіп егелеріне тиісті және тән көрсеткіш. Бір авиаапат туралы жаңалықтарды оқығанымызда, «пәленше ұшушы пәлен сағат немесе кеме капитаны пален сағат жұмыс өтіліне еге» деген қатарлар бекер емес. Сиқырлы сан – 10000. Битлзде өз шығармашылығын бастауменен бір аптада 7 күн, бір жылда 3000  сағат ән шырқаған болса демек, олар 3 жылдан аса бастағанда 10000 сағаттық тәжірейбені өтеген.

Бил Гейтсте мүмкіндігі оның өмірі, жастық шағы компьютер ревалюциясы жылдарына туры келгендігі секілді, Битлз тобыда жеткен 10000 сағаттық тәжірейбе Рок-н-Ролл жаңа пайда болған уақыттарға туры келеді. Олардың екеуінде де қолай сәт, мүмкіндік жәнеде одан пайдаланып қалу үшін ақыл, еңбекқорлық, талант бар болған. Аңызға айналған бұл кісілердің баршасы олардан талап етілген 10000 сағаттық тәжірейбені тез арада өтеп, теңдестерінен озып кеткен.

Жоғарыда «бақыт формуласы деп қабылдауыңыз мүмкін» деп сипатталған негіздердің соңғысы «тәрбие» туралы пікір білдірсек.

Тәрбие

  «Құс ұясында көргенін істейді» тіркесі тек қана кісінің белгілі бір уақытта өзін қандай ұстауды білдірмейді, бәлкім, ол кісінің бүтін өмір әрекеттері және нәтижелері сол жанұялық келіп шығуға байланысты екендігінде білдіреді. Біздің ең көп көретініміз және байқайтынымыз көптеген жағыдайларда инженердің баласы инженер, дәрігердің баласы дәрігер, саудагердің баласы саудагер болатындығы. Ең есте сақтау тиіс нәрсе, адам баласы қандай эконмикалық қабатқа тиісті жағыдайда туылса, сол қабат мүмкіндіктерінен келіп шығып қана жасай алады.Достарыңыз, киінуіңіз, білім алу дәрежеңіз (!), барша баршасы соған байланысты...

Ғылыми ізденістер нәтижесінде, күзетулерден байқалатыны адамдарға бірдей жағыдайда білім алуды жаратқанымен олардын баршасы үздік ете алмайсыз. Ата ана перзенті алдына қойған талаптар, оны күзету, студенттің сабақ орындауы үшін жартылған жағыдай, жанұядағы жағыдай, қолдап қуаттауға қарап табиғи саралау келіп шығады.

Біздің қахарманымыз, данышпан Кристофер Ленган әкесіз, тесік етікте, бірі екіншісінен үлкен болған шұлықтарды киіп, өгей әке қолында тынымсыз таяқталумен ер жеткен. Кедейлікте, жоқшылықта үлкен болды. Оның анасы сол құжжатқа қол қоюда жауапкершілікті сезініп, оның өзінің мінез құлқында шеберлікпенене жұмыс бітіру қасиеті болғанында, жанұялық орта оның алаңсыз оқуына мүмкіндік жаратқанында, бәлкім қазір Ленган жүздеген патенттердің, баспалар егесі болатын еді.

Сол сияқты Стив Жобс та Сириялық әкесі Абдулфаттох Жандали тәрепінен асыранды бала есебінде Америкалықтарға беріп жіберілмегенінде, тарихта одан ешқандай із қалмаған, өмірін қарапайым адамдардай жасап өткен болар еді.

Қорытындысы сол, табысты адам болу үшін білімнің өзі жеткіліксіз. Бұл үшін сізде қолай сәт және мүмкіндіктер, жеткілікті тәжірейбе, сізді қолдап қуаттаушы жанұялық жағыдай бар болуы керек. Сондай ақ сіз керекті уақытта керекті жердеде бар болуыңыз, керекті жерде туылған болуыңыз керек. Сол себеті Стив Жобс Қазақстандық бола алмайды. Бұдан кейінде бізден бұл саланың осндай кісілері шығуы қиын. Неге? Өйткені, технологиялар әлемінде күшті біліммен жағыдайлары бізден оқ бойы озып кеткен халықтар жетерлік. Біз болсақ мал және егін шаруашылығына ұстамыз. Біз солай тәрбие көргенбіз. Бұдан тыс, өнертабыс өз атымен өнертабыс. Ол бірақ рет жаратылады. Тек қана кейіннен дамытылып барылуы мүмкін. Біздің жастар бұл жағынан ешкімнен қалыспасына сенемін, бірақ, Стив Жобс бола алмайды. Және оның ешқандай жаман жағы жоқ, керісінше, дұрысыда сол!

Соңғы сөз

Оқуды «қызылға» бітіргеніммен, жоғары оқу орнында келісім шарт негізінде бірінші курсқа қабылданғанмын. Негізінен ойласам бағаларымның қойылуында білімімнен өз өзімді оқытушы алдында ұстауым жоғары тұрған секілді. Керекті уақытта, керекті ұстаздардан білім алуым менің бақытым болған. Жанұялық жағыдайдың төмендігінен оқуды күндізгі бөлімнен сыртқы бөлімге ауыстырып, жоғары оқу орнын тек сырттай ғана бітіріп шықққанмын. Мектепте жақсы оқуыма алдымдағы аға апаларымнын үздіктер қатарында болғаны сеп болғандай, олардың көзге көрінбес еңбектері бардай. Стив Жобс Қазақстанда туылғанда кім болатынын анық айта алмаймын, бірақ, бір білетінім мен Америкада туылғанымда ешқашан теңдестерімнен озық бола алмас едім.

Айналамызды, өмірімізде бұндай мысалдар көп. Білімі пайда келтірмеген, өздері күнделікті тірліктерімен қолы бір босамайтын, қарапайым бір кәсіптің егесі болған қаншадан қанша күшті ілім егелерін білеміз? Мүмкіндік, 10000 сағат және тәрбиесіз адам жетістіктерге жетуіне жол жоқ.

Барлық адамда талант, қызығушылық және талпыныс бірдей қалыптастпайды. Егер адам өмір бойы тауда шопан болып немесе ауылда темірші, болмаса қалада құрылысшы, аспаз, күзетші болып жасауды армандаса мұның ешқандай жаман жағы жоқ. Ағылшын тілін, компьютерді өзін мәжбүрлеп үйренгендер саны сан мың. Олардың көпшілігі оны өміріндеде пайдаланбайды, қанша уақыт және ақшаның зая жұмсалғаны қалды тек. Менің ойымша, кеудені құр кергеннен тыйылып, егер әліде оқушы болсақ мүмкіндіктерді қарастырып, олардан пайдаланып және тәжірейбе жинауда жалғастыруымыз керек. Егер оқушыға қолымыздан жәрдем беру келетін болса, кішкене болсада көмек беруіміз керек.

Бір Америкалық миллионер деген екен : «Пікірімше, әр кім өзі ұнатқан бір кәсіпті ұстап, оның асқан шебері болып, сол жұмыстан қанағаттанып жасауы керек». Менде сол пікірдемін. Миллионер болып жасауға талпынуданда, қарапайым адам болып жасап өтуденде қорықпау керек.  Әркімде де мүмкіндік, 10000 сағаттық тәжірейбене өтеу үшін уақыт және тарбие баршасы бір берілмегенін есте сақтасақ жеткілікті.