Қара блакнот

Қара блакнот
жеке
блог

Қолымдағы ерекше көз тартатын, асқан сәнді де емес. Оның түсі қара, кез-келген жан ішінде не жазылғанын білуге асығып тіпті кейбірі ала-алмай қаламын-ау деген оймен асыға қолымнан жұлып әкетіп, алысқа барып оқып келуші еді.

         Әрине, ішінде адам  қызығар нәрсе болмаған соң, айтуға сөз таппай қайтаруға тура келеді. Ақ парақтағы жазылған дүниелер анық емес, бәрі қысқасынан қайырылған. Бұл блакнот жан сырласым емес, аяқталмаған ойлар мен мақсаттартізбегінен құрылған. Онда сезімге түсіп сергелдеңге түскен сәттер емес. Қалай өрісті кеңейтуге болады? деген сауалға жауап іздеу.

         Бүгін міне, жаныма серік етіп, ой елегін түртер жалғыз қара жазба дәптермен қаламсап. Санамда ойлар толассыз, парақ бетіне түспесе мені жынды етіп, ақылымнан адастырады.

                                                                             ***      ***         ***

         Көңіл жайсыз, жүрек тағы жылап жатыр, тағы да жалғыздық, мұң сабылысқан күндер-ай! Бітер емес. Бүгінде №3 жатақханаға келіп жайғастым. Ойлар. Толассыз, тоқтаусыз ойлар. Тағы да сені іздедім.

         Иә, бірақ жақсы ойлар ойлау қажет. Бәрі де өз қалпына түседі. Саған махаббатым шектеусіз. Енді мен саған адал болуым қажет. Қаламсап пен жүрек қосылып тек сені жырлағысы келеді. Жалғыздық азабының жақсылап тұрып дәмін татым-ау.

 

                                                    ***            ***              ****

         Сен қиналып жүргенде мен қалай тыныш табайын. Сенің өміріңді жәй ғана түсінісу ретінде қарағаным, қателік болыпты. Сені жаныма алып қайтадан достық қолымды созғанда ғана ар алдындағы айыбымнан айыққан болар едім...