Анамен сырласу

 

Анамен сырласу (Арман)
Анашым?!
-Мен...мына қызға үйленем!
Жүрмеген ол...ыңқыл-сыңқыл,күйрелең.
Сөйлер сөзі - "біздің үйдің бақыты,"
Ойларынан байқалмайды "кір өлең!"
Анашым?!
-Мен...мына қызға үйленем!
Осы қызбен "бақыт" деген күйге енем!
Аяғыңды жылы судан алып-ап,
Уқалайды,шын жүректен тілеп ем!
Анашым?!
-Мен...мына қызға үйленем!
Тәртібінен мін таппайсыз күйреген!
Қонақжайдың қамы үшін жүгіріп
...деп айтады:
"Білмегенді әлі сізден үйренем!"
Анашым?!
-Мен...мына қызға үйленем!
Бетінен,тіпті,қолынан ешкім сүймеген!
Сондай таза,пәк жүректі - бұл ару!
Әлсізді сыйлап,көмегін беріп,демеген.
Анашым?!
-Мен...мына қызға үйленем!
...-деп,бір аруға жолығып,
Әсем хабар әкелермін үйге мен!
...бұйыртса...
© Накпаев Аян     25.06.2014 жыл    3:33


Бөлісу: