«Поэзия әлемі». Маралтай Райымбекұлының шығармашылығы жайында

Қазақстан ұлттық арнасында "Поэзия әлемі" атты бағдарламаның басталғанына біраз болып қалды. Бұл деген - Қазақ поэзиясының насихаты артып, аясы кеңи бастады деген сөз. Қазіргі қазақ қоғамына дәл осындай бағдарламалар ауадай қажет. Тамырынан ажырап, болмысын жоғалтып бара жатқан ұрпақты сақтап қалудың бір жол - руханиятқа үндеу. Қазақтың тамыры өлеңде. Жаны жыр-дастармен біте қайнасып жатыр. Иа, соза берсе әңгіме көп. Бүгін мен "Поэзия әлемі" бағдарламасының шымылдығын ашқан алғашқы бағдарламаны назарларыңызға ұсынғым келіп тұр. Ақын ортақ қой. Қарай беруден біз талмайық, жаза беруден олар шаршамасын.



Бөлісу: