Жаңа кезексөз: "Өзім жайлы 30 дерек"

Жаңа кезексөз: "Өзім жайлы 30 дерек"
жеке
блог

Инстаграмда осыған ұқсас "Өзім жайлы 20 факт" кезексөзі қарқынды жүріп жатыр. Мен осы кезексөзді Массагетке сәл өзгеріспен алып келуді жөн көрдім. Ендеше, ештеңені түсіндіріп жатудың қажеті жоқ сияқты. Сондықтан бірден бастап кетейін. 

1. Оралдықпын дегеніммен, Орал мен үшін бөтен қала. Менің аңсарым – туған ауылым Ұялы.

2.  Анамсыз өмірімді елестете алмаймын. Анам – музыкант, қобызшы.

3. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетін бітірдім. Оқуға түспес бұрын мұндай университет бар екенін білмегем де.

4. Туған әпкем, сіңлім, екі інім бар. Кіші інім – 3 жаста. 

5. Пәтер жалдап Алматыда тұрамын. 

6. Брекет тағамын. 

7. Кітап жазғым келеді. 

8. Көзілдірік киемін. -3

9. Өлең шығарамын.

10. Көбіне салқынқандымын. 

11. Кейде эмоциямды жасыра алмаймын.

12. Достарым аз.

13. Қырсықтығым ұстап қалса, өз-өзіме ұқсамаймын. 

14. Болашағыма сеніммен қараймын. 

15. Аңқаумын. 

16. Кішкентай кезімде аяғым сорпаға күйген. 

17. Есте сақтау қабілетім өте нашар. 

18. Тамақ пісіргенді ұнатпаймын. 

19. Бір адамды күн сайын түсімде көрем. 

20. Көп адам "Мика, Мико" деп атайды. Бастығым да. 

21. Көп нәрсеге мән бере бермеймін. Көп нәрсені жеңіл қабылдауға тырысам. 

22. Адам жүре бара тәрбиеленетініне, өзгеретініне сенем. 

23. Ұйғыр жігітпен жүргем студент кезімде.

24. Аздап пианино, домбыра тарта алам. 

25. Ағылшынша сөйлей алмаймын. Бірақ орысшадан қарап Селена Гомездің әндерін аударғанды ұнатамын.

26. Дәл қазіргі өмірім өзіме ұнайды.

27. Әсіресе Виктория Токарева есімді орыс жазушысын оқимын. 

28. Комплекстерім көп. 

29. Аздап сиыр сауа аламын. 

30. Египет жайлы ізденгенді ұнатамын. 

Кезексөзді Айконаға беремін. 

Сурет: vk.com