Ислам - дінім!

Ислам - дінім!
жеке
блог

 

Ислам-дінім!
Жүрекке-иман!
Бәрінде жиғам.
"Өмірде қорған болар",-деп.
Бергендей "азық",
Құранға жазып,
Хақ жолда Ислам болған тек!
Бағыма-ізет!
Жаныма "күзет".
Тастай қамал тұрғызған...
Қарындас,інім?!
Ислам-дінім!
Мұхаммед [с.ғ.с] бағыт бұрғызған!
Жүрекке жүрек,
Жаныма тiрек,
Алланың әрбiр сөздерiн...
Ең жақсы тiлек,
Дұғамды тiлеп,
Жақсылықты ғана көздедiм...
Өзендей ағыс,
Мағанда таныс,
Тағдырым-"сынақ" екені.
Жинасақ сауап,
Болардай жауап,
Ашылар жұмақ мекені!
© Нақпаев Аян Болатбайұлы  2012 жыл