Сайтымыз тағы да бәйгеге түсті

Сайтымыз тағы да бәйгеге түсті
жеке
блог

Сүйікті сайтымыз тағы бір бәйгеге түсті. Бұл жолы порталымыз "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының "Жалынды интернет-басылым" номинациясы бойынша жарысқа түсіп отыр.

Үздік деп тапқан сайтыңызға дауыс беру үшін мына сілтеме арқылы өтіп, таңдау жасай аласыздар: "Халықтың сүйіктісі"

Дауыс беру үшін алдымен Facebook желісіндегі бұл топқа қосылу керек. Ол үшін аккаунтыңызға кіргеннен кейін "Присоединиться" тетігін басуыңыз керек. Топ администраторы сұранысыңызды қабылдағаннан кейін еркін түрде дауыс бере беруіңізге болады.

* * *

Енді сөз болып отырған сыйлық туралы аз-кем ақпарат бере кетейін.

"Халықтың сүйіктісі" Қазақстан Ұлттық сыйлығының негізі 2011 жылы "Республика-Регион-Развитие" қорының мұрындық болуымен қаланды. Сыйлық Қазақстан қоғамындағы белгілі тұлғалар мен ұйымдарға кәсібилігі үшін жыл сайын беріліп келеді.

Биылғы жылы сыйлық 20 номинация бойынша сарапқа салынады. Номинациялар тізімімен сыйлықтың Facebook желісіндегі парақшасында немесе ресми сайтында таныса аласыздар.

Жеңімпаздарды анықтау шараларының схемасы мынадай.

Бастапқы кезеңде әлеуметтік желі қолданушылары әр номинацияға үміткерлер ұсынады. 

Бірінші кезеңде қолданушылар номинанттарға Facebook желісі арқылы дауыс бере алады. Қазір бастапқы кезең аяқталып, осы бірінші кезең жүріп жатыр. Бұл кезең 10 қазанға дейін созылады.

Бұдан кейінгі екінші кезеңде таңдау "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының ресми сайтында жүреді. Жеңімпаздар дәл осы кезеңде анықталып, сыйлықтар табыс етіледі.

Сыйлық туралы жалпы ақпарат осы. Қосымша ақпаратты сыйлықтың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, ресми сайтынан немесе алдағы уақытта Массагет сайтынан оқып біле аласыздар.

сурет fonwall.ru сайтынан алынды