Психология - 2

Психология - 2
жеке
блог

 

Психология -2 

Сен жыладың, мен күлдім,
Мен құладым, сен тұрдың. 
Сен түс көріп жатқанда...
"Ұйқысыз" боп мен жүрдім. 

Сенде қайғы, менде шат,
Менде бап та, сенде бақ.
Осыларды елемей...
Болып қалдық біздер жад.

Жаңа өмір басталды,
Ескі көңіл тасталды.
Менде жігер болғанмен, 
Сенде бірақ жас қалды. 

Сенікі Күн - Мұңдасың!
Менікі Ай - сырласым!
Ертегі ғой, ертегі...
Біздерді кім тыңдасын?!

© Накпаев Аян 22.06.2014жыл