Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Көңіл күнделігі. 23-ші жазба

Көңіл күнделігі. 23-ші жазба

Көңіл күнделігі. 23-ші жазба

"Қытай туралы қырық сөз" белгілі қытайтанушы - Д. Мәсімханұлының кезекті еңбегі, "Фолиант" баспасынан жақында ғана шыққан екен. Кітапты оқи отырып, қазаққа көрші, сыры беймәлім қытай елінің жұмбақ қырларымен оқушылардың да таныс бола бергені дұрыс қой деп: "Қытай әйелі" туралы айтқан шағын әңгімесін кеше ФБ-ға жариялап едім. Озығы болса алар, тозығы болса неден сақтану қажеттігін өздері де ескере жүрер деген ниетпен, бүгін: "Қытай тағамы" туралы автор ойын Массагеттік оқырмандармен де бөлісе отырғанды жөн көрдім.

Ежелгі қытай қоғамының тарихында ғасырлап аштық болған. Соған байланысты әр қытайдың өз қарнын ашырмай бір мезгіл тамақ тауып жеуі үлкен еңбек, жетістік саналған. Содан қалыптасқан мынадай дәстүр бар. Біз, қазақтар: "Амансың ба, мал-жан аман ба?" дейміз ғой, олар амандасқанда: "Тамақ іштің бе?" - деп сұрайды. Бүгінге дейін бұл сөз амандық-саулық сұрасу есебінде жүреді. Олар аштық кезінде жанын сақтап, кеңірдегін толтыру үшін жер бетіндегі көгерген көк шөп, ағаштың басындағы кез келген жеміс-жидек, қыбырлаған-жыбырлағанның барлығын жеген. Қазіргі күні қытай асханасы дүниежүзіндегі ең бай асхана болып есептелінеді. Тамақ түрінің көптігі, дәмділігі жағынан қытайдың ас мәзірі өте бай болып келеді. Ал, негізінде оның шығу тегі ашаршылықтан келген. Қазіргі кезде де жер бетіндегі көк шөп, қыбырлаған-жыбырлаған құрт-құмырсқа бәрі де қытайдың тамағы. Оларды дайындаудың да арнайы тәртіптері бар. Жуатынын жуып, өлтіретінін өлтіріп, тірідейін тірідей деген сияқты. Қытай бүгінгі күні аш болмай отырса, ол әлгіндей дәстүрді қалыптастырғандықтан. Біз қазақтар, қазы-қарта жеп, қойдың етіне тойып жүрсек те тұмау болып ауыра береміз. Ал, қытайлар көп жағдайда ауырмайды. Себебі, олар жейтін жер бетіндегі барлық көк шөп - дәрі. Мәселен, олар тамаққа қосатын шыбын өмірі ауырмайды. Қанша лас, сасық жерде жүрсе де шыбында ауру болмайды екен. Сол сияқты, қытайлар да көрер көзге өте жиіркенішті жәндіктерді жеп, солардың бойындағы ауруға қарсы иммунитетті өз бойларына қабылдағандықтан ауру, ұшыну, жиіркену деген болмайды. Қытайлардың орта жасы - 80 жас. Екі қытайдың бірі тоқсан, жүз жасқа келе береді. Ал, біздің өмір сүретін орта жасымыз 50 жастың айналасы. Бұл біздің тамақтануымызға байланысты. Біздің ата-бабаларымыз қыстауда, жайлауда, аттың үстінде жүргенде жеген ауыр тамақтарды отырықшы ел болғанда да жеп жүрміз. Қазы-қарта, қойдың етін жеген ата-бабаларымыздың одан алған күш-қуаты ауыр еңбекпен кетіп қалатын. Ал, қазіргі қала қазақтарында сол энергияны сыртқа шығаратын ешқандай орай жоқ. Содан жиналған артық май - бауыр, бүйрек, жүректі зақымдап жатады. Осы жылдың сәуір айында ҚазМҰУ-дың бұрынғы ректорымен бірге Пекинге арнайы сапармен бардық. Сонда Қытайдағы біздің елшіміз Қуаныш Сұлтанов мынадай бір қызық дерек айтты. Ол кісінің жасы елуде, инфаркт алып қытай ауруханасына түсіпті. Сонда, Қытай тарихында 50 жаста инфаркт алған адамды бірінші рет көруіміз деп таң қалысыпты. Ал, елшімен бірге инфаркт алып түскендердің жасы жетпістен, сексеннен, тоқсаннан асқандар. Сондағы түсінеріміз - қытай мен қазақтардың тамақтануындағы алшақтық біздің денсаулығымызға кері әсерін тигізуде. Біз онда тұрғанда балықтан, құс етінен, көк шөптен әзірлеген тағамдарын жеп көрдік. Ал, көп жағдайда біздің тәбетіміз тартпайтын, жеуге болмайтын нәрселері де бар. Мәселен, шаяндар, жыландар, т.б. Содан кейін ең атақты, құрметті қонағына беретін тамағы бар. Бұрынырақта "ZAMAN-ҚАЗАҚСТАН" газетіне бергенмін, "Санмиңцай" деп аталады. "Сан" - үш, "миң" - шиқылдау, "цай" - тамақ, қуырдақ деген сөз. Яғни, "үш рет шиқылдайтын тамақ" деген сөз. Тышқанның жаңадан туған қызылшақа баласын тірідей қояды. Жанына қайнап тұрған, дәмдендірілген сорпа қояды. Таяғымен әлгі тышқанның баласын қысып алғанда бір "шиқ" етеді, сорпаға малып алғанда екі "шиқ" етеді, аузына салып, шайнап жіергенде үшінші рет "шиқ" етеді. Бұл, ең қадірлі қонақтарына берілетін тағам.


Сондай тағамдарының бірі: "маймылдың миы" деп аталады. Ол тағамды дайындаудың өзі аса бір аянышты жағдайда жүзеге асады. Қонақтар отырған дастарханда маймылды әкеліп, басын қысып орнататын үстелі болады. Маймылдың басын қысқаннан кейін тірідей еңбегін шағып, буы бұрқырап тұрған маймылдың миын жегізеді. Бұл тағам да қарапайым адамдарға емес, аса қадірлі, ең бай адамдарға арналып дайындалады. Маймылдың миын қолы жеткендер ғана жейді. Қытай медицинасында мынадай бір принцип бар: "Тірі организмнің қай жерін жесең, өз бойыңдағы сол жерге көмектеседі" деген. Яғни, миды жесең миыңа көмектеседі, бауырды жесең бауырға т.б. Жаңағы маймыл да ақылдылардың бірі саналған ғой, оның миының қымбат болуы да сондықтан.

Мұндайларды жеп көргеніміз жоқ. Оларды жеп үйренген болсақ, жасымыз да ұзара түскен болар еді.

 Д.Мәсімханұлы. Қытай туралы қырық сөз // Астана: Фолиант, 2014 ж.

 

Сөз түйіні: Қытайдың салт, дәстүрін былай қойғанда автордың ойы да қарама-қайшылықты. Менің айтарым: Асыңыз адал болсын!

2
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 17 қыркүйек 2014, 16:23
Тегтер: Күнделік, қытай тағамы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.