ӘЙЕЛДІҢ ПӘКТІГІ – ҰРПАҚТЫҢ АСҚАҚТЫҒЫ!

ӘЙЕЛДІҢ ПӘКТІГІ – ҰРПАҚТЫҢ АСҚАҚТЫҒЫ!
жеке
блог

Әйелдің пәктігі мен имандылығы оның әулетінің қорғаны. Тылсымға толы бұл қасиеттердің құпиясы зор.

Нәзік жандылардың психикалық қуаты ерлердікінен бірнеше есе зор. Үндестік заңдылығы бойынша: ер адамның күші көп болса, әйелдің энергетикасы мықты.

Әйелдің ойы, тілегі, дұғасы қоршаған ортаға қатты әсер етеді. Әйелдің ойы ерлердің ісіне теңеледі.

Әр жыныстың өзіндік ерекшелігі мен күші бар. Адамдар осы өзгешеліктер туралы білімді аяқ асты ете бастады.та ғасырларда бұл күштер сайтан ісіне бағаланып, әйелдерді «мыстан» атап, отқа жаққан.

Ерте заманда әйелі өзінің пәктігі мен адалдығымен шайқастағы ерін аман-сау сақтай алған. Оның әйел қуаты еріне құрсау қорған болған. Мұндай еркектер кез келген ұрыстан үйіне аман-есен оралған. Үстінен жүз жебе жауса да, олар мұндай азаматтарға дарымаған. Түйсігімізбен біз мұны әлі де түсінеміз. Ашық майданнан тірі оралған ерлері бұл үшін кімге қарыздар екенін біледі. Егер әйелі таза әрі ақылды болса, ерін адам сенбес биіктікке көтере алады.

«Әйел ақымақты данаға, дананы ақымаққа айналдыра алады». Ана болған сәтінен бастап Жер-Ананың келешегіне араласатын қасиетті мүмкіндікке ие. Жердегі өмірді өркендететін ұрпақты тәрбиелейді. Әр ана баласының бойына қандай дән ексе, сол өсіп шығатынын біледі. Әйелдің өмірлік мақсатының бірі дүниеге бала әкеліп, оны тәрбиелеу болған. Мұндай іске әйел затын бала күнінен баулып, тәрбиелеген.

Жер бетіндегі әр мәдениет қыз баланы өсірудегі өзіндік білім мен қабілеттерді сұрыптаған, міндеттеген. Олардың ішінде киім кие білу, саз аспаптарында ойнау, ән салу, би билеу, сурет салу, ертегі айту, тіл білу, үй жинай білу және басқа да күрделі дүниелер парыз етілген.

Бір қарағанға ұсақ-түйек сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бағамдап қарасақ, аты аталған барлық жұмыс тек жанын салып істейтін іс екен. Әр әйел заты бұл істерге өзіндік қолтаңбасын қалдырып, шығармашылық қиялын ұштап, адам өмірін гүлдендіретін, сәндендіретін, мағына беретін, қуаныш сыйлайтын дүние жасап шығарады. Бұл нәзік жандылардың болмыс-бітімін айқындайтын тәрбие. Әйелдің мойнына жүктелген көп міндеттің бірі әрі бірегейі ішкі және сыртқы сұлулықты тудыру. Әйел болудың ғажаптығы осында.

Аударған Шынар Әбілдә