Темекі шегетін қыздар

Темекі шегетін қыздар
жеке
блог

Алматы...мұржалар...темекі түтіні,

Қазақтың қызындай тартады шылымын.

Мұндағы адамдар көңілі жұпыны-

Қазақтың қызындай қысқарған бұрымы.

Жақындарымыз алдымен өмірімізге зор денсаулық, екіншіден ақ жаулық, үшіншіден он саулық тілеп жататыны бар. Ал біз жақындарымыздың еш сөзін елеместен, алғашқы тілегінен бастала салып қарсы келіп жатырмыз. Бұл қалай болғаны? Неге сонша өзімізде барды қадір тұтпай, жоқты іздеп ел кеземіз?. Әсіресе, қыздар тарабына еркіндік, артықшылық берген сайын тым еркінсіп барады. Әңгімемнің басын жалпы қоғам туралы бастағаныммен, ойымның түп төркіні осы қыздар жағы болмақ.

Қыз, ол сенің қарындасың. Қыз, ол сенің туған қызың. Қыз, ол сені өмірге әкелген анаң, Қыз, ол күн десе, көзі бар болашақ жарың. Айта берсең кете береді. Алайда, осыны еске алған сайын жүрегімді бір мұңаю кермейді.

Алматыға келгелі біраз жылдың жүзі болды, сол уақыт ішінде жүздеген темекі шегетін қыздарды (үлкені бар, кішісі бар) көрдім. Көрдім де осылар ертең қалай ана болмақ, баласына нендей тәрбие көрсеттеді, ертен баласы сал болып туса не істейді екен деген жаман ойлар миымды ашытты. Оларға ұмтылып, айтып та көрді, алайда олардың айтқаны: Біріншілер, -Тіліңді тартып сөйле, жұмысың болмасын, көп сөйлесең аузың бұзылады, боқтық  сөздерді мысалға келтірмей-ақ қояйын...; екіншілер -Ертең тастап кетемін ғой, зияны жоқ, барлығы шегіп жүр емес пе  ананы қара анау жақта біреуі тұр неге маған қарап айтасың, соған бармайсың ба; енді біреулер, - сен түсінбейсің, сен ойлағандай емес барлығы, мазамды алмашы деп жауап қатады. Мұндайда не ойлайсың "сауап, басың соған жеткен екен" деуге де болады, "ей, ақымақ" десең де келіп тұр, "өкінішті болған екен" деп айтсам да жарасады. Шынымды айтсам ондайларды қандай адам туған? Түріне қарасаң әп-әдемі, ақыл мен білімнен кемтар емес, үстіндегі киімі сенікінен таза, қымбат... . Темекі шегіп тұрған қызды көрсем болды, ол адам онымен қоса арақты да сылқытып ішіп, бір жерде кеше танысқан жігіттің қоршауында жатқаны елестейді.

Мұның барлығын мен, осы порталдың оқырмандары мен блогерлерінен сұрағым келіп отыр.  Жалпы осы туралы не ойлайсыздар, ойымыз бір жерден шығады ма? Неге олай?