Өмір мынау болып жатқан - кептеліс!

Өмір мынау болып жатқан - кептеліс!

Өмір мынау болып жатқан - кептеліс!
Кептелісте жасамаңдар - кектен іс!
Адамдар-ай әр уақытты бағалап,
Қиындықтың бір мұңында шекпеңіз!

Өмір мынау болып жатқан - кептеліс!
Болмаса да тағдырымыз теп-тегіс...
Сынағымен сынаушы ғой Тәңірім,
Әр күніңді - құрметтеңіз,теппеңіз!

Өмір мынау болып жатқан - кептеліс!
Қалдырайық жақсылықтан ептеп із.
Ата-ананың борыштарын өтейік...
Жүрген жоқпыз бұл өмірде текке біз!

Өмір мынау болып жатқан - кептеліс!
Құбыладан сезіледі - Меккеміз!
Иман нұры - жүректердің жарығы...
Алла берген "Тағдыр" деген беттеміз!

Өмір мынау болып жатқан - кептеліс!
Сыйластықтан әрі асып кетпеңіз!
Абырой мен атақ деген қалады,
Шайып кетер "амал" сынды көк теңіз!

Өмір мынау болып жатқан - кептеліс!
Адалдық пен адамдыққа беттеңіз!
Доғарыңдар өсек,бәле,жаланы...
Ғайбат сөзін сабырлықпен шектеңіз!
Өмір мынау болып жатқан - кептеліс!

© Накпаев Аян [25.07.2014]-[3:50]



Бөлісу: