Қыз алып қашу ата дәстүріміз бе?

Қыз алып қашу ата дәстүріміз бе?
жеке
блог

Жақында әлеуметтік желілерден өрескел қылықтардың бірін көріп, бір ойға баттым. Онда қызды еркінен тыс жолда тұрған көлікке күштеп кіргізбек болды. Абырой болғанда қыз, құрбыларының көмегімен жігіттердің қолдарынан сытылып шықты. Ең қызығы жолдан өтіп бара жатқандардан ешқандай әрекет жоқ, құдды бір күнделікті тұрмыс-тіршілікті көргендей. Егер оқиғаның болған жеріне және де кімдердің қатысуымен болғанына мән бермесен, кәдімгі адам ұрлаудан ешқандай айырмашылығы жоқ. Отбасыны осындай жолмен құруды мақсат тұтқан жігітті, қыздың жеке бас және ой бостандығы қызықтырмайтын сыңайлы. Адам құрлы жануарға сондай дөрекілік көрсетпейтің халқымызда ондай тірлік қайдан пайда болды? Шындығында қыз алып қашуды қылмыс көрмейтіңдердің басым көпшілігінің жалғыз сылтауы – әдет. Тіпті ата дәстүрін бұлжытпай орындауды өздеріне міндет қылып алғандарды да көзіміз көрді. Әсіресе түркі халықтарында көптеп кезтесетін бұл құбылыстың түбі бір-ау деген ойға да батасын кейде. Иә ата-бабаларымыздың өмір сүрген заманыңда қыз алып қашу шын мәнінде орын алған, алайда қандай жағдайда және де қандай жолмен болғанына мән бере бермейміз. Ертеде бірін-бірі шын сүйетіңдер, ол кездегі таптық қоғамның тыйымына шыдай алмай белгіленген жерде бірге кездесіп қашатын болған. Әке-шешелерінің батасын алудың басқа жолын көрмегендер ғана осындай жолға барған. Шын ғашықтардың бұндай әрекеттеріне тәнті болған үлкендердің өз келісімдерін бермеске амалдары жоқ болған. Бүгінгі күнгі қыз алып қашу ата-бабамыздан қалған салт деуге тіпті ауыз бармайды. Бұнымен айтқым келгені — қыз-келіншектердің, апа-қарындастарымыздың қоғамдағы орнын түсіріп алғандаймыз.  

Құрметті оқырмандар, cіздерді апа-қарындастарымызды қадір тұтуға және де қоғамымызда келең алған мәселені бірге шешуге шақырамын!