Қазақстандық телеарналардағы көрсетілетін ситкомдар

Армысыз, қадірменді оқырман қауым! Менің бүгінгі талқыламақ мәселем қазақстандық телеарналардағы үзбей көрсетілетін сан алуан шетелдік телехикаялар. Бүгінде көгілдір экранды ашып қалсаңыз отандық телеарналарымыздың барлығы дерлік шетелдік телехикаяларды көрсетумен бір бірінен қалыспай келуде. Еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін тамашалайтын телехикаялардың қаншалықты пайдалы, қаншалықты пайдасыз екеніне мән беріп жатқан ешкім жоқ. Дегенмен, қаптаған түрік, үнді, корей сериалдары қазақстандық көрерменнің ықыласына бөленуде. Оған себеп-көрсетіліп отырған фильмдер өте сапалы, актерлары мықты шебер және табиғат сұлулығымен кинода барлық жағдай жасалынған ретінде көрсетілуде. Бірақ аталмыш сериалдар бүгінгі таңда біздің қоғамға айтарлықтай кері әсерін тігізуде. Өзге елдің салт-дәстүрі мен діни бағытын көрсете беру біздің қоғамымызға әсер етпеуіне кім кепіл?! Ал отандық телеарналарымыздың басты мақсаты шетелдік телехикаялар арқылы арна рейтингін көтеру ғана болып табылады. Көрсетіліп отырған киноның қоғамға қаншалықты әсер ететіндігін ескермеуде. Бастысы- өз көрерменін жоғалтпау. Осы орайда менің айтпағым- отандық телеарналарымыз оның орнына қоғамға пайдасын тигізетін бағдарламалар мен отандық телесериалдарымызды көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді...



Бөлісу: