Бақытты ана болу!

Бақытты ана болу!
жеке
блог

7 қыркүйек Халықаралық Аналар күнінде "7 арнаның" ұйымдастыруымен Алматыда Орталық Паркте үлкен мереке өтті. Онда концерт пен фестиваль форматындағы түрлі қызықтармен қатар, Гиннестің рекордтар кітабына бауырсақ жасаудан рекорд қою ұйымдастырылды. Шарт бойынша арнайы Гиннес Рекорд Кітабынан бақылаушы адам және тағы 2 әділ қазы болуы керек екен. Оның бірі мен болдым:) Ал екіншісі "аспазшы блоггер" Айнұр деген әдемі қыз. Таңғы 8-ден күні бойы сол жерде бақылап отырған екеуіміз талай әңгімені атйып, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалдық. Сол күнге сол арумен таныстырғанынан өте ризамын! 

Айнұр - екі қыздың аяулы анасы, жанындай жақсы көретін жарының бақытты әйелі:) Жасы бар болғаны, 24-те болса да, өмірден көргені мен түйгені көп. Ең бастысы, отбасыңды бақытты қылуға деген ниетің болса, бәріне де үлгіруге болады деген қағидамен жүреді. ҮЙ шаруасын күйбең тіршілікке емес, өзіне берілген несібеге теңеп, өз өмірін де, жанұясын да ертегі әлеміне айналдыра алатын ерекше дарыны бар екен. Балаларыңның балалық шағын шуаққа, ер адамыңның ризашылығын көрген кезде, ұйқыңның қанбағанын, шаршағаныңды бірден ұмытып, күш жинайсың дейді ол. 

Солай Айнұр қазірде инстаграм парақшасындағы көптеген қыз-келіншектерге үлгі. Талмай еңбек етіп, күн сайын түрлі тағамдар пісіріп, күн сайын үй жинап, үйіңді де, ойыңды да таза ұстауға шабыт сыйлайды. 

Болашақ аналарымыз көбейе берсе екен дейміз, бірақ сол болашақ аналар "ана" деген сондай-ақ үй ұйытқысы, отбасы тірегі мен жылулық пен махаббат жасаушы екенін білсе екен деген оймен бөлісу ғана:) Жақсы тұру, айналаңды ертегіге айналдыру ақша емес, әйелдің таза ниеті мен энергиясына байланысты екен. Өйткені әйелдер айналасындағы болып жатқан жағдайды өзі тудырады. Сол себепті қазірден бастап, тұрмысқа қалай шығамын деп емес, тұрмыста қалай қаламын деген сұрақққа іздене бастаған дұрысырақ сияқты, ару қыздар!Kiss

Сол күннен дайындаған жаңа видеоблогымда Аналар Мерекесі қалай өткенін көріп, Айнұрмен кішігірім сұхбатты да тамашалап шығыңыздар: