Биылғы кинокомикс жанрындағы фильмдерге шолу!

Биылғы кинокомикс жанрындағы фильмдерге шолу!
жеке
блог

Биыл кинокомикс жанрында Marvel Studios 2, 20 Century Fox 1, Paramount Pictures 1, Columbia Pictures 1 фильмнен түсірді. 4 фильм Marvel-дің комикстеріне негізделсе, бір фильм Mirage Comics-ке қарады.

 

Ал олай болса кеттік:

1. Капитан Америка: Қысқы жауынгер(26.03.2014)

2011 жылы жарыққа шыққан "Капитан Америка" фильмінің жалғасы. Басты рөлді Крис Эванс сомдайды.

Фильмді көпшілік қысқаша былай сипаттпайды: "Капитан Америка енді Ник Фьюридің Қ.А.Л.Қ.А.Н. командасында жұмыс жасайды. Бірақ ол өзінің жаңа өміріне үйренісе алмай жатыр".

Энтони Руссо мен Джо Руссо сияқты ағайынды, тәжірибелі режиссерлардың арқасында бұл фильм біраз табысқа қол жеткізді!

Фильмнің түсірілімі 2013 жылыдң 1 сәуірінен басталды. 

Ең басты рөлдерде:

Актер Рөлі
Крис Эванс Стив Роджерс / Капитан Америка
Скарлетт Йоханссон Наташа Романофф / Қара жесір
Самюел Джексон Ник Фьюри

Түсірген студия: Marvel Studios

Алыпсатар компания: Walt Disney Pictures

Фильмді 119 мыңнан астам адам қарап 83%-ға ұнаған. 

Бюджет: 170 000 000$ = 31 450 000 000 теңге = Отыз бір миллиард төрт жүз елу миллион теңге.

Кассалық түсімі: 713 866 572$ = 132 065 315 820 = Жүз отыз екі миллиард алпыс бес миллион үш жүз он бес мың сегіз жүз жиарма теңге.

545 мыңнан астам пікірлер жазылып, ең көп талқыланған фильмдер арасында орын алып тұр.

Ал мынау фильмнің ең басты постері:

Капитан Америка: Қысқы жауынгер(басты постер)

2. Жаңа Өрмекші Адам 2(16.04.2014)

2012 жылы түсірілген "Жаңа Өрмекші Адам" фильмінің сиквелі. Басты Кейіпкер Өрмекші-адамды Эндрю Гарфилд сомдайды.

Фильмнің қысқаша анықтамасы: "Питер Паркердің тарихының жалғасы. Оның сүйіктісі Гвен Оксфордқа оқуға кетуге, эмтиханға дайындалып жатыр, бірақ ол да кеткісі келмейді. Бұл жолы оның алдынан Электро есімді супержауыз шықты!"

Марк Уэббтің Өрмекші-адамды жақсы түсінетінін білеміз. Тіпті ол оның жанкүйері екенін де жасырмаған. Ол жайлы екінші фильмі сәтті шықты деп айта аламыз!

Ең басты рөлдерде:

Актер Рөлі
Эндрю Гарфилд Питер Паркер / Өрмекші Адам
Эмма Стоун Гвен Стейси
Джеймс Фокс Макс Диллон / Электро
Дейн Дехан Гарри Озборн / Жасыл Гоблин
Салли Филд Мэй тәте

Түсірген компания: Columbia Picrtures

Демеуші : Marvel Entertainment

Фильмді 82 мыңнан астам адам көріп, 76% "5" деген баға қойған!

Бюджет: 200 000 000$ = 37 000 000 000 теңге = Отыз жеті миллиард теңге

Кассалық түсімі: 708 294 944$ = 131 034 564 640 = Жүз отыз бір миллиард отыз төрт миллион бес жүз алпыс төрт мың алты жүз қырық теңге

Фильмге байланысты 2 481 000 + пікір жазылып, "Ең көп талқыланған фильмдер" арасында көш бастап тұр!

Ал мынау фильмнің басты постері:

Өрмекші-адам(постер)

3. Икс-Адамдар: Өткен Болашақтың Күндері(22.05.2014)

Бұл фильм "Икс-адамдар" жайлы (Құну жайлы фильмдерді алып тастағанда) бесінші фильм. Бұдан бұрынғы фильм "Икс-Адамдар: Алғашқы саты" деп аталған еді(2011). 

Фильмге сипаттама: "Икс-адамдар болашаққа аттанбақ"

Режиссер Брайан Сингер 2000 жылғы "Икс-адамдар" мен 2003 жылғы "Икс-Адамдар 2" фильмін түсірген еді. Ол Икс-адамдарды жақсы түсінеді. Сондықтанда фильм көп қаражат жинады.

Түсірген компания: 20 Century Fox

Демеушілер: Marvel Entertainment; Bad Hat Harry Productions, The Donner's Company

Фильмді 97 мың+ адам қарады. 89% фильмді ұнатты.

Бюджет: 200 000 000$ = 37 000 000 000 теңге = Отыз жеті миллиард теңге

Кассалық түсімі: 745 790 166$ = 137 971 180 710 = Жүз отыз жеті миллиард тоғыз жүз жетпіс бір миллион жүз сексен мың жеті жүз он теңге.

Фильмге байланысты ірі көлемді пікірталас орын алып, 929 000+ пікір жазылды.

Фильмнің басты постері:

Икс-Адамдар

4. Галактика Сақшылары(31.07.2014)

Бұл фильм осы команда туралы алғашқы фильм болғандықтан көпшілік жоғары дәрежеде қызығушылық тудырды. Ал бұл фильмнің сиквелі бұйырса 2017 жылы жарыққа шықпақ.

Фильмнің сипаттамасы: "Мификалық тұрғыда дамыған бұл команда галактиканы қауіптен қорғайды"

Фильмнің режиссері Джеймс Ганн боевик жанрындағы фильмдерді түсіріп үйреніп қалған, содан болар, фильм сәтті шығыпты.

Түсірген компания: Marvel Studios

Алыпсатар: Walt Disney Pictures

Фильм көрермендері 77 мыңға жетті, 90 пайызына ұнапты.

Бюджет: 170 000 000$ = 31 450 000 000 = Отыз бір миллиард төрт жүз елу миллион теңге

Кассалық түсімі: 586 167 000$ = 108 440 895 000 = Жүз сегіз миллиард төрт жүз қырық мың сегіз жүз тоқсан бес мың теңге

Фильмге байланысты 314 мың+ пікір жазылыпты(ең танымал кино сайттарында)

Фильмнің басты постері:

ГС

5. Тасбақа-ниндзялар(07.08.2014)

Кейіпкерлер көпшілікке таныс. Сондықтан көпшілік асыға күтті.

Фильмге сипаттама: "Канализация түлектеріні жаңа нұсқасы"

Фильм режиссері Джонатан Либесман өзге ғаламшарлықтар жайлы "Лос-Анджелес үшін шайқас" деген фильмнің режиссері. Сонымен қатар "Ажал қақпасы" деген ужасы жанрындағы фильмнің режиссері.

Түсірген компания: Paramount Pictures

Демеуші: Nickedeleon Movies

Фильмді 39 мың адам тамашалап, 75 пайызы "керемет" деп, бір серпіліп қайтыпты.

Бюджет: 125 000 000$ = 23 125 000 000 теңге

Кассалық түсімі: 300 247 000$ = 55 545 695 000 теңше

Фильмге байланысты 72 мыңнан астам пікір жазылды.

Фильмнің басты постері:

ТН

Ал, тағы бір шолып өтсек:

Ең үздік фильмдер:

1. Галактика Сақшылары - 90 пайыз

2. Икс-Адамдар: Өткен болашақтың күндері - 89 пайыз

3. Капитан Америка: Қысқы жауынгер - 83 пайыз

4. Жаңа Өрмекші Адам 2 - 76 пайыз

5. Ниндзя-Тасбақалар - 75 пайыз

 

Ең кассалық түсімі жоғары фильмдер:

1. Икс-Адамдар: Өткен болашақтың күндері - $745 790 166

2. Капитан Америка: Қысқы Жауынгер - $713 866 572

3. Жаңа Өрмекші Адам 2 - $708 294 944

4. Галактика Сақшылары - $586 167 000

5. Ниндзя-Тасбқалары - $300 247 000

 

Ең ірі бюджетті фильм:

1-2. Жаңа Өрмекші Адам 2 - 200 000 000 доллар

1-2. Икс-Адамдар: Өткен Болашақтың Күндері - 200 000 000 доллар

3-4. Капитан Америка: Қысқы Жауынгер - 170 000 000 доллар

3-4. Галактика Сақшылары - 170 000 000 доллар

5. Ниндзя Тасбақалары - 125 000 000 доллар

 

Ең көрермені көп фильмдер:

1. Капитан Америка: Қысқы Жауынгер - 119 мың+

2. Икс-Адамдар: Өткен болашақтың күндері - 97 мың+

3. Жаңа Өрмекші Адам 2 - 82 мың+

4. Галактика Сақшылары - 77 мың+

5. Тасбақа-Ниндзялар - 37 мың+

 

Бұл фильмдер арасында барлығы болмаса да екеуі (Ж.Ө.А.2; Г.С) қазақ тіліне дубляжданды. Бірте бірте барлығы қазақ тіліне, сапалы аударылатын күнгеде жетеміз!

Ал сізге қай фильм қатты ұнады?