Анаға қарап қыз өседі. Қыз тәрбиесі Анадан

Қандай құс бапталуда кең ұяңда,
Тарту керек тәртіпті әр үй алға.
Жұрттың көзі қызыңның бөксесінде,



Сенің көзің неліктен сериалда?

Ұлағатсыз ұл-қыздар сор қайнатты-ау,
Болашаққа айтамыз қандай мақтау?
Жұрттың сөзі қызыңның тәрбиесі,
Сенің сөзің неліктен ел ғайбаттау?

Тәрбиеге өзгертіп көзқарасын,
Әр ата-ана ойласын өз баласын.
Кіндігі ашық қызыңа жамау таппай,
Тойдан алған матаңа мәз боласың.

Көңілі тоқ мұңсыздау күйде күліп,
Тәлім бермей алғансың сый кетіріп.
Көшедегі қызыңды үйге қайтар,
Бала тапсын демесең үйде отырып.

Қоймасаң да тойдырып жал-жаяңа,
Тәрбиеге келгенде барды аяма.
Өзің үлгі болмасаң анасы боп,
Қызың ертең болады қандай ана?!



Бөлісу: