Кино көргің келсе...

Кино көргің келсе...
жеке
блог

Мен бүгін таңертең "Хабар" арнасында, "Как Майк" деген киноны көрдім. Фильм желісі бойынша Келвин Кэмбридж деген жетім бала, балалар үйінде тұрып жатады. Ол баскетболшы болуды армандайды. Бірақ оған оның бойының қысқалығы кері әсерін тигізеді. Оның тұрып жатқан жерінде оған жәбір көрсететені Окс деген бала болады. Ол оның кросовкасының бауларын бір-біріне жалғап, электр сымына лақтырып жібереді.

Сол түні қатты жаңбыр жауады. Ал Кедвин болса, кросовкасын алғысы келеді. Сөйтіп олар шығады. бірақ Келвиннің кросовкасын тоқ соғады. Содан кейін кросовканы киген сайын керемет күш бітетін қасиет бітеді. 

Әрі қарата фильмді көріп, не болатынын біліңіз. Сілтеме:

http://kset.kz/video/view/1771701?from=57455427

Фильм жайлы біраз дерек:

Слоган: Кез-келген арман орындалады

Жанр: Cry, Спорт, фэнтези

Шыққан жылы: 2002

Бюджет: 30 000 000 $

Кассалық түсімі: 62 274 740 $

Ал, қарап көріңіз! Көріскенше!