Қазақы комикс: Қызыл жауыздың кезекті шабуылы
блог
Данияр(Дәуіт) ауыр жарақат алғаннан кейін, қалалық ауруханаға түсті. Бұл жағдайды оның анасы Динара апай да естиді. Баласының жағдайының жақсы екенін естігенде ғана көңілі орнына түседі. Бірақ Даниярдың жүрегі тоқтап қалу қаупі бар еді. Сол үшін оған, күзетші-мейірбике орналастырды. Ал ол күзетші өткен жолы танысқан қыз, Құралайболып шықты. Ол оны бар ынтасымен күзетті. Себебі ол оның өмірін құтқарған еді.
Ал Жанболат(Қызыл жауыз) болса өзінің қосымша екі қолы мен тілек орындағышынан айырылғаннан кейін, қанаты қайырылды. Ол жаңа іске көшті. Ол қалалық ауруханаға басып кіріп, барлық медиџиналық инелерді ұрлап, өз қанын сорып, ол қанды алдына кездескен адамға сала беруді көздеді. Сол арқылы, өзінің қанының құрамын, басқалардың қанына араластырып, командасын жасақтауды көздеді. Ал ол ауруханада Данияр жатыр…
Күтпеген жерден атып шыққан Қызыл жауыз, аурухананы дүрліктірді. «Вәәәәәәәәәәәәә» деп бақырғаны Даниярдың палатасына да жетті. Бұл жолы ол ауыр дыбысты көтере алмай, жүрегі тоқтап қалды. Барынша тырысқан Құралай ақыры оны аман сақтап қалды. Данияр орнынан тұрып, қайда екенін сұрағысы келді. Және ол Құралайды көргенде қуанып сала берді. Жүзі жадырап, бойына күш бітіп кетті. Сілкінген жерді сезген ол, жарақатына қарамай, айқасқа Дәуіт-робот кейпінде еніп кетті…
Бұл кезде Қызыл жауыз барлық инелерді қапшыққа салып жатыр екен. Дәуітте ол бөлмеге келді. Екеуі біраз айқасты. Екеуі де бұрынғыдан әлсіз. Дәуіттің жарақаты бар болса, Қызыл жауыз қосымша қолдарынан айырылды. Бұл жолы Қызыл жауыздың айы оңынан туды. Дәуітті бір қылғындырып, бір бұрышқа лақтыра салды да, қаша жөнелді. Әлсіреген Данияр қалайда қаланы құтқаруы керек. Бірақ бәрі де мүмкін…
Ал Қызыл жауыз болса, қазір қала орталығында жүр. Қусиып, ап-арық болып кетіпті. Себебі барлық қандар иненің ішінде. Алғаш кездескен адам, 25-28 жас аралығындағы, жас жігіт болды. Оған инені салды. Осы кезде оның денесі қып-қызыл болып, денесі атылып, киімдері өзіне тар болып қалды. Шыдас бермеген қытай киімі, ақыры жыртылды. Және әлгі жігіт Қызыл жауыздың командасына қосылды…
Ол жайлы біраз мәлімет берсек:
Ержан Сержанов: Ғылым мен сурет салуды ұнатады. Мектепті алтын белгіге бітіріп, «Болашақ» бағдарламаса бойынша, Бухарестте(Румыния) оқып келген. Қазіргі уақытта "Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде" мұғалім болып істейді.
Қызыл жауыз бен Ержан бірігіп бірнеше адамды(17) өз командасына қосты. Ақыры олар бір жерге жиналып, жиналыс жасауда… Не болады екен?? Оны көре жатармыз…
Ал, достар, көріскенше, бүгінге осы.