Ендігі кезек Сізде!

Ендігі кезек Сізде!
жеке
блог

Мен Сізді іздедім. Әлім жеткенше, шамам келгенше іздедім. Қолымдағы бар ақпарат бойынша іздедім... Осыдан жиырма жыл бұрынғы мекен-жайыңызбен іздедім... Жоқ, таппадым. Ешқандай дерек шықпады.

Негізінде мен Сізді емес, сіз мені іздеуге тиіссіз. Мен барлық өкпе назымды жиыстырып қойып іздедім. 

Ал Сіз неге іздемей жүрсіз? Маған өкпеңіз жоқ шығар?! Менің ешқандай жазығым жоқ қой... Маған титтей де кінә артуға хақыңыз жоқ емес пе?

Сіз іздесеңіз табар едіңіз ғой, сол баяғы 20 жыл бұрынғы мекен-жайдамын ғой... өзім жоқ болмасамда, сол жерде маған барар жолды сілтеп жіберетін жандар бар... Неге қол үздіңіз?

Өзіндік себебі бар шығар, кінәламай-ақ қояйын, өз аузынан естірмін деп ойлап едім... Бүгін тағы өкпелеп отырмын... Енді өзімнің алдымда Сізді ақтап алмаймын...

Керек болсам қайда қалдыңыз осынша жыл? Енді іздеңіз! Ай, қайдам, керегім бар ма екен сізге? Дерегім бола тұра іздемеген адамнан не үміт, не қайыр?..

Ендігі кезек Сізде!