Бүгінгі қазақша рэп

Бүгінгі қазақша рэп
жеке
блог

Бүгінгі Қазақша рэп... дамуы үстінде ма, алде сөз құнын жоғалтқан жеңілтек рэп сымақшылардың қолындама?

Рэп тыңдаушылардың қатарынан болсаңыз, олардың қала қалаға бөлінетінін байқаймыз...рэп соққы жасап жатады бөлініп алып. Кейбірінің трэктерін басталмай жатып ұйқасын біліп отырамыз. Оңай ұйқастарды пайдаланады және көбісінің тақырыбы жауапсыз махаббат....

Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды,,, Қазақы нақышта келтіріп, қазақы болмыспен рэп оқып жүрген Жақауды (Амангелді Өтешов) айтсам болады. Жаңа трэктерін қалдырмай тыңдаймын. Барлығы ұйқасы өте тамаша, және барлық тақырыпты қамтыған махаббат та бар, достық та бар, ата-ана. Отан жайлы, тарихта  айтылады. Жақаумен көбінесе Диди (Данияр Рахметжанов) есімді жігіт екеуі тамаша туындылар жасайды. Бұл олардың білімі барын, тарихты білетінін білдіреді. Сөз қолданысы, ұйқасы, бәрі тамаша. тек көбінесе бейне клип жағынан ақсап жатады. Әрине ол демеуші жоқтығынан деп ойлаймын. Тағы айтар едім, Кадем (Талғат) есімді жігіт ойлануға болатын тақырып қозғайды, бүгінгі заманның ащы шындығын айтады...

Халық таңдау жасай алады... Бірақ, қазіргі ұялыға телефонға үңілген ұрпақ кітапты тек мектепте көретін, әлеуметтік желіде белсенділік танытқан ұрпақ төменгі сатыдағы рэп айтқыштардың туындыларын тыңдап жетесіз күйге түсерме екен..?