Қазақы комикс: Дәуіт

Қазақы комикс: Дәуіт
жеке
блог

Алдымен: Комикс деген не? 

 

 Ол қысқасы Супермен, Бэтмен, Өрмекші-адам секілді ойдан шығарылған суперқаһармандар. Қазір әлемде «Marvel Comics» пен «DC Comics» барлық комикс шығаратын еншілес компанияларды басып тұр. «DC» «Marvel»-ге қарағанда көп комикс шығарған. Әрі комикс шығару дәуірін ертерек бастаған. 

«DC Comics» алғаш болып Бэтменді шығарды. Ал «Marvel» От-адамды шығарды. Бірақ бірден жария етпеді. Оны тек 1961 жылы ғана жарыққа шығарып, танытты. Ол кейін «Фантастикалық төрттіктің» мүшесіне айналды. Ал негізінде ең бірінші Капитан Америка шықты. Қазір көпшілік қауым осы екі еншілес компанияларды жарыстырудан шаршамайды.

Бэтмен(ДС)фыОт-адам(Марвел)

Ал қазақы комиксқа келсек ол жайлы blogtime.kz сайтында біраз мәселе қозғалды. Ал ендеше менің басты тақырыптағы қаһарманым - Дәуіт.

 

Дәуіт
Данияр Қадіров. Қарапайым 22 жастағы, оқуды үздік бітірген, дипломы бар жігіт. Қазір қаладағы бір кафеде еден жуушы болып істейді. 
Күндердің бір күні болып, жұмысына келіп, іске кірісе бастайды. Киіміне жабысып алған дәуітті ол байқамайды. Дәуіт қылышын, Даниярдың желке тұсына бір тығады. Бұл уақытта Даниярдың желкесі сыздап кетеді. Бастыққа барып, сұрануға шешім шығарады.
Бірақ бастық қатал еді. Оны жібермеді. Еденді дұрыс сүрте алмаған ол, жұмыстан шығарылды.
Үйіне барып, есінен танып, құлап түседі. Ертесіне тұрса, денесі жап-жасыл, қолдарына қылыш шығып, аяқтары ұзарып, көздің көру қабілеті бірнеше есе артып, кез-келген жерге жабысып, өрмелеп жүре беретін күш пайда болыпты. 
Оның тағы бір қасиеті, кез-келген нәрсені орындауға болады. Мысалы, «мені адам қыл» десе, бұрынғы адам қалпына түседі. Бірақ бұл қасиет күн жанып тұрғанда, яғни түскі мезгілде жүзеге аспайды. Тек түнде, кешке және таңда ғана істеуге болады.
Бұдан кейін ол, Алматыны қылмыскерлерден қорғап, халықтың ықыласына ие болады.

Дәуіт

Әзірге осы, бұл қаһарман жайлы, әлі бірнеше оқиғалар бар(орысша айтқанда "приключение" дейді ғой). Көріскенше!