Ешқашан vs ҚАЗІР

Ешқашан vs ҚАЗІР
жеке
блог

«I'm selfish. I'm not a patriot. I'm lazу.   But, I change!»  деп ,блокнотка  әдемілеп  жазып қойыппын. Бірақ,  уақыты қашан келер екен деген сұрақ мазалайды. Оған  өз жауабым: ЕШҚАШАН!  Дәл қазір «Алма піс, аузыма түс» деп  отырғанға ұқсаймын, иә?! Неткен  ұятсыз едімFrown

Иә, адам еңбектенеді. Нәтижесі өзің ойлағандай «вау» болса, ары қарай  жалғастыруға  құлшынып  тұрасың. Егер нәтижесі сәтсіз  болса, жалғастыруға да ниет болмай қолды бір сілтей саласың. (Сіздерді білмедім. Жалпы өзім осындаймын.) Сосын,  бір тапсырмалар  болады ғой: ұнамайды, бірақ, істеу керек! Осындай  жұмыстарды да істегім келмейді. Істегім келмейді... «өөөй, сен қыз негатив  ойларыңды жазуды тағы да бастадың ба?» -деп іштегі «мен» сыртқа  бұлқынып  шығып кетейін деп отыр. Бастадым, бірақ, жылауды емес! Нені дейсіз ғой?  «Өй, сол бірінші сыныптың оқушысы сияқтысың. Айтасың – орындамайсың!» дерсіз. ЖОҚ! Мен  бәрін  жаңадан  бастаймын, бастадым да!  «Хммм, көррреміз...» деп мырс ете қалдыңыз ба? Ондай эмоцияны  өз еркіңізге қалдырдым. Бір құрбым "лично мне пофиг" дейтін де, жүре беретін. Жалпы,  адамды  жолдасына қарап таны дейді ғой. Ооой, мен дос, жолдас, жалғыздық, махаббат туралы жазсам тағы  зарлап кетем. Тоқтайын! Дәл осылай жынданып, ашуланып інілеріме ұрысып жатқанда «Менің ішімде әлі сендер білмейтін біреу бар» десем, кішкентай інім  жүгіріп келіп: «қойыңэ, екі қабат емес шығарсыз енді» дейді ғой, бақытты болғырMoney mouth

«Саған ашылу керек. Мына  түріңмен қайтіп адам боласың, тем более ана ... неде... оқысаң.»,  « Ой, оған сеніп  жүрген ата-анасын аяаймын. Ақымақ қыз, үйіндегілерге не көрсетпеді десейші. Ондай қыздың барынан, жоғы!» Дәл осылай айтып  жүргендерге айтарым (айтпай  жүргендерге де болад оқуға Cool): . Түк те демим, зашым, аузымды ауыртып, басымды қатырып. Сендер менің дәл сондай жағымнан байқайды екенсіңдер ғой. Ендеше, сендерге сол қалпы қала берейін! Менің де жақсы көретіндерім, мені де дәл осы қалпымда жақсы көретіндер барKiss

 Жоғарыда мазалап  жүрген сұрағым бар дедім ғой. Жауабы: ҚАЗІР! БҮГІН!

                                                

                                                                              «... Құс қанат менің  ғұмырым,

                                                                                     Қанатын тағы бір қақты.»