1-қыркүйек /Оқулық жыры/

1-қыркүйек /Оқулық жыры/
жеке
блог

                Жақында 1-қыркүйек. Білім күні. Қыздарым мектепті, достарын сағынып қалды. Киімдері де дайын. Енді оқулық мәселесі күтіп тұр алда. Қай баспаның кітабымен оқыр екенбіз? Қанша кітап сатып алар екенмін? Ммм...бұл да бір мәселе. Жылда осы. Кітап іздеп, мектепте істейтін сіңіліме қоңырау шалам, көршілерді аралаймын, былтырғы кітаптарыңызды сатасыздар ма деп. Базарға барсаң, кезек. Бағасы да удай. Қызық, «Шығара берем» баспасының шығарған оқулығы неге жарамай қалды екен, а? Былтыр сонымен оқып едік. Енді «Менікі дұрыс» баспасының кітабын алатын болыппыз. Өйткені  алдыңғы баспаның оқулығы тым жеңіл екен. Балаға жеңіл тиеді. Балалар ақылды болып өсу үшін, қиындықты жеңе білу үшін қиын кітаптардан, қиын есептерді шығарып, қиын жаттығуларды жазу керек! Әрі былтырғы баспаның "Әліппесінде" "А" әріпін басқашааа үйретеді екен. Ауыр сөмкелерді  арқалап өскен бала шымыр болады! Қазіргі балалар мықты, ата-анасы шығара алмайтын есептерді де шығарады! Қазіргі оқулықтармен балаңды оқыту үшін ҒАНА университет бітіруге болады! Жарайды, бір мәнісі болар...Бұрын, біз оқығанда, қолға тиген оқулықты ашып қалсам, өзімнен 7-8 жас үлкен аға-әкпелерімнің аты жазылып тұратын. Сонымен-ақ жап-жақсы білім алып, озат оқушы да, студент те атанғанбыз....