Бала тілі – бал

   Тамыздың ортасы, оқушылардың мектепке баратын кезі басталды. Шал кемпірдің немересі  де алтыға толды, яғни мектепке дейінгі білім алуға барар жасы келді. Бір күні атасы немересіне:

  -Қызым сен биыл мектепке барасың, қосу алуды есептей  аласыңба?- дейді.

Немересі:

 -Йә  ата,-дейді.

 -Ендеше, бірге бірді қосса канша?

 -Екі.

 -Екіге бірді қосса қанша?

 -Үш.

 -Үшке бірді қосса канша?

 -Төрт

 -Төртке бірді қосса... осылайша есептей береді. Соңында тоғызға бірді қоса алмай ұзақ ойланады. Атасы:

 -саусағыңмен қос дейді. Немересі оны қоса алмай кідіріп:

  Тоғыз дейді. Атасы:

  Қалайша? Міне, қара деп, жуан саусағын бір бірлеп санап, он ғой! Қалай сенікі тоғыз шықты дегенде немересі:

   Енді сенің саусағың жуан ғой деп, ернін түржитіп жауап берді. Апасы:

   Сенің саусағың жуан болғандықтан он шыққаны ғой, қызымның саусағы жіңішке тоғыз шықты деп, ішек сілесі қатып күлді.

 

                                                              ***

  Үйдегі сиыр бұзаулады. Бұзауы орнынан тұрып, есін жиып болған соң, кішкентай ғана  бұзау ары – бері шапқылап, ойнақтап жүгіріп жүр. Оны көрген үй иесі:

-         Әлі ойнақтап жүр ма? Деп, тіл қатты. Қасынан бір қадам қалмай, ілесіп жүрген баласы:

-         Шешесінің ішінде жатып, іші пысып қалған ғой деп, жауап қатты. Ішегі қатқанша күлген әкесі, ұлының басынан сипап қоя берді.

 

                                                        ***

Терезе түбінде әпкесі мен інісі ойнап отыр еді. Кенеттен бір шыбын ызылдап келіп, інісінің бетіне қонды. Бетіне қонған шыбынды ұшырып жіберер емес. Әпкесі інісінің бетіндегі шыбынды үркітіп, ұшырып жіберіп еді. Ашуланған інісі «неге ұшырдың бетімді қытықтап жатса» деп ұрсып берді.

                                                     ***

Үйдегі кішкентай қарындасының «р» әрпіне тілі келмейді. Үлкен ағасы «р» әрпіне тілі келсін деп, р әрпі бар сөздерді айтқызады. Тіпті қарындасы сұрақ қойғанда, «р» әріпті «л» қылып айтқанда, естімегенсіп «не?» деп қайта сұрайды. Қарындасы ойнап отырып «мұнда екі ұл біл қыз» деп өзінен өзі тіл қатты. Ағасы әдетінше естімегенсіп «не?» деп қайта сұрады. Ашуланған қарындасы «екі ұл один қыз» деп жауап қатты. Кішкентай болса да ақылды.



Бөлісу: