Өмір....

Сансыз ойлар, шатасқан пікірлер, өсек-аян, шешімі табылмайтын мәселелер, шым шытырық рутина. Міні осының бәрі мені өмір сүруге үйретті. Болашаққа жарқын сеніммен қаратып, өткеніме деген өкінішімді сейілтті. Өмірде айналадағы жайыттардан таң-ғажайып бір ертегілікті қалағанымменен дәл солай бола бермейтінін мен дәл уақытында түсіндім. Қызық осыны түсінген уақытты бар арман-мақсаттарымның күлі көкке ұшқан болатын. Жақсы адам, адал дос, шынайы махаббат деген құбылыстардан мүлдем қол үздім. Неге екенін білмеймін сол бір ғана адамның мені алдап жүргенін біліп өмірдің мәні кеткендей болды. Мен еш бір жігіт атаулыға сезімімді ашпайтынмын, ал сол адамға шын ғашық болып қалдым. Оның әр-бір сөзінен қуат алып, көзінен таралған жанарына жылынатынмын. Ал ол болса екіжүзді болып шықты. Басында оны қатты күналадым, ал қазір түсіндім бұл өмірде өтірік айтуға да, сүюге де сүймеуге де әр адамның өз құқығы бар. Мен де енді алдағы уақыттарда еш бір адамға ойымды бөлмей тек жұмысыммен айналысуды шештім. 

Мен қазір мұғаліммін. Мектеп балаларына ағылшын тілі сабағын оқытамын. Не деген керемет міндет, бір ұрпақтың сауатын ашып, үлкен өмірге жолдамаларын беремін. Бұлай айтудың себебі бір ақылды кісі "көп тіл білген адамның бір есікті ашатын көптеген кілті бар" деген сөзі. 



Бөлісу: