MASSAGETS

MASSAGETS
жеке
блог

MASSAGETS

Массгетке келгеніме 1 жылдан асып қалыпты. Блог құрылтайға қатысуым мен Массагетке тіркелуім тікелей байланысты. Ең алғашқы рет Шымкет қаласында өткен (2013ж) блогқұрылтайға барған едім. Сол кезде Массагеттің журналисті Мейіргүл әпкені кезіктірген болатынмын. Алайда биылға Қарағынды қаласындағы блогқұрылтайда байқай алмадым. Бірақ Айжан әпке, Әйгерімдердің ұйымдастыруымен Массегеттіктер болып естелікке суретке түсіп қалдық.Біздің фотограф қыздар түсірген суретті жіберген болса бір сурет қайталап келіп қалатын жағдай жиі ұшырап отырады))) Алдыңғы келгендерін бір топтастырып сақтап қойып болғанда, келесісін басқа жеріне сақтауға тура келіп тұрады. Менің жұмыс үстелім сондай менен басқа адам отыратын болса миы ашып безіп кетері анық. Ол да бір саясатқа байланысты, солай ғой) Сонымен өзіме керек құжаттарды ақтарып отырып біздің Қарағанды да түскен суреттерге көзім шалды. Ашып қарасам бас жағында Массегеттіктердің түскен суреті тұр екен. Оны кішкене монтаждап қойдым. Мүмкін көріп қойған боларсыздар. Артық етпейді жариялай салайын деген едім.)