Лос Анджелес кімдермен байып тұр және Американың органик өнімдері

Лос Анджелес кімдермен байып тұр және Американың органик өнімдері
жеке
блог

Сәлем, достар! Бүгін сіздерге кезекті видеоблогыммен, АҚШ саяхатының бір күнімен келіп отырмын. Білетіндеріңіз бар, білмейтіндеріңіз бар, ютюб арнамда мен АҚШ сапарының видеоларын және де қазір жасап жүрген видеоларымды кезек-кезек қойып жүрмін. Осы ретте Лос Анджелестегі соңғы күніміз бен Нью-Йорк дүкендері түсті. 

ЛА-тегі соңғы күнімізде бар киноиндустрияның жүрегі Оскар жүлдесі берілетін Долби Театрын көрдік. Көргенде де тұратын қонақүйіміз сол жерден 5 минутта орналасса да, үш күн бойы қала аралап, ол жерді жіберіп алғандай да екенбіз:) Әйтеуір жыл сайын бүкіл Голливуд жұлдыздарының табаны тиетін атақты сатымен көтеріліп, театрдың сырт жағынан бақылап қана өттік. 

Лос Анджелес - тұнып тұрған кино алаң. Қайда көз салмасаң да Одри Хепберн, Майкл Джексон, Мэрилин Монро сынды аңыз адамдардың танымалдылығының көлеңкесінде көптеген бизнестер жасалып жатыр. Олардың бейнеленуімен плакат та, киім-кешек, сувенир, сумка, қуыршақ, стақан, магнит, ыдыс-аяқ, бір сөзбен айтқанда адам жанына керектінің бәрі де табылады. Сонда бір адамның аты, бренд дегенге таң қалмасқа шара жоқ. Нағыз танымалдылық, аты өшпес деген сол шығар деп ойлайсың. 

Солай кино-бизнес әлемінен, біз өзіміздің "туған үйіміздей" болып кеткен Нью-Йоркқа оралдық. Қазақстанға қайтатын уақыт таяп қалған соң, мен өзімнің маст-визит орындарымды/дүкендерді түгендеуді бастадым. 

АҚШ дүкендері деген енді мүлде бөлек әңгіме ғой. Ішіндегі ассортимент, жалпы бутиктің сәнденуі, қызмет көрсетуі, бір сөзбен айтқанда - әдемі:) Бұрыннан көп естіген және көруге арманға айналған Whole Foods супермаркетіне жеттім. Иә, мен үшін, мүлде бөлек, мүлде өзгеше елдің тамақ индустриясын көру өте қызық. Ал Хол фудс атты супермаркеттер желісі тек органик өнімдер сатады. Сонысымен де әйгілі, әрі онда жүрудің өзі өзіңді жақсы сезінуіңе септігін тигізетіндей:) Эхх, бәрі де маркетингFrown

Сонымен айтып не керек, америка өнімдерінің сан түрлігіне қызыға үйімізге де қайттық. Метромен.Cry

 

Бар оқиғаны видеодан-ақ көре аласыздар: