Такси тоқтату туралы бір үзік сыр

Такси тоқтату туралы бір үзік сыр
жеке
блог

Шынында, меніңше, таксист болу емес, "такси тоқтату" қорқынышты секілді. Бір күні құрбым жұмысқа кешігіп бара жатырмын деп, таксимен баруды жөн санап, біршама таксилерді тоқтатып, ақшасына келіспейді, бәрі қымбат сұрайды. Өзінің қалтасына алып шыққаны 800-ақ теңге. Сөйтіп, әрең дегенде бір үлкендеу кісі, жасы 50-55-тер жас шамасында, келісіп: "садись, доченька" депті. Бұл да қуанып, алдына отырыпты. Айтулы жерге жақындағанда, алдын ала ақшасын беріп қояйын деп қамданып, келіскен 800 теңгесін бергенде, таксист ағай: "ты че издеваешься?" деп бедірейе қарап, есікті кілттеп: " я тебя не просто так убью, ну и мариную" - депті. Құрбымның қорыққаны соншалық, көздерінен жас еріксіз ағып, қатты қорыққан. Қалтасын қайта-қайта қарап, ұсақ-тиек тиындарды тауып алып, зорға дегенде 200 теңгені құраған. Сол кезде барып, таксист есікті ашқан. құрбым болса, апыл-ғұпыл машинадан түсіп, отырған орнына ақшасын тастап, жүгіреді. Таксист артынан қуып: " я тебя из под земли достану, мариную как захочу" деген. Маған жасы еріксіз ағып, егіле жылап, баяндап бергенде, денемді қорқыныш-үрей билеген, Құдайым-ау, неше түрлі адамдар бар екен-ау дегенмін....... Сақтансаң, сақтайды..... Сондықтан, таксист тоқтатқанда, барынша абай болыңыз, нәзік жандылар!!!))

Абай болыңыз!!!))