Кітаптар соғысы
жеке
блог

Кітаптар соғысы

Бүгін кітаптың жалпы тарихын іздеп отырып мынадай ақпарат тауып алып едім (блогтың алғысөзі осы болсын):

Екінші дүние жүзілік соғыс басталғанға дейін (әлі есімде Money mouth) кітап индустриясында жаңалық ашылып еді, ол жаңалық – жұмсақ мұқабалы кітап! Кітаптар пайда бола бастағаннан оны ұнатып кеткендер көбейіп, миллиондаған тиражбен жұмсақ мұқабалы кітаптар шығарыла бастады (алғашқы толқыны Америкада ғой деймін шамасы). Жұмсақ мұқабалы кітаптың бағасы қарапайым қатты мұқабалы кітаптан бақандай он есе арзан болып, кітапқа деген сұраныс артқан. Бірақ әдебиетшілер бұл жаңалықты құшақ жая қарсы алмаған екен. Тіпті  Джордж Оруэлл (ағылшын жазушысы, публицист) былай деген көрінеді: «Егер баспалардың шашының астында бірнәрсе бар болса, олар бірігіп жұқа мұқабалы кітаптарды жоюы тиіс».Иә, Джордж Оруэлл жұқа мұқабалы кітапқа қарсы соғысқа шақырған екен.


Ал қазір, тарих қайталабаса да, осы шақтағы соғысқа ұқсайды. (Ай, бұл ойым ақын-жазушы, баспаларға ұнамауы мүмкін)


Электронды кітаптар. Қазіргі кітапты розеткаға тығып зарядтауға болатын технологиялар заманында, қарапайым қағаз кітаптар мен электронды кітаптар арасында соғыс болмаса да (болмай-ақ қойсын), кітап сөресіндегі орынға тартыс басталған сияқты. Біріншіден, жұқа мұқабалы кітаптар мен қатты мұқабалы кітаптар арасындағыдай жағдай: электронды кітаптар кез-келген электронды ресур сияқты пираттық жолмен тасымалданып, әдеби истеблишменттің қалтасын жұқартуда (жұқа мұқабалы кітаптарда қатты мұқабалыдан он есе арзан болып, жазушылардың қалтасын соққаны бар емес пе?). Одан бөлек электронды кітаптар арасында да (Amazon мен Hachette (Ашеттті) айтамын) өзіндік жеке қырғи қабақ соғыс жүріп жатыр.  Біреуі бағаны қалыпта ұстағысы келсе, біреуі бағаны түсіргісі келеді. Электронды кітаптардың орта бағасы қазір 15 АҚШ доларын құрап отыр (мамандардың айтуы бойынша). Енді былай қарайық, неге олар сонша қымбат? Оларды жасау үшін печатный станок, қырғын қағаз, тиражды есептеу, қайтарып беру, утилизация, тираждың жетіспеуінен пайданың шығынды «жаба алмай қалуы»,  қойма, жеткізу, екінші нарық деген сияқтылар жоқ қой? Олар арзан бола алады, олар арзан болуы керек. Мамандардың есептеуі бойынша бір электронды кітапты жасап шығаруға  6 долларға дейінгі бағада материял кетеді екен (бірақ дүкендерден 20 000 теңгеден жоғары бағада сатып аламыз).

Әдебиет сүйер қауымның арасында «электронды кітаптардың арзандауы» әдебиеттің деңгейін түсіреді деген ой қалыптасу мүмкін. Менің ойым, жұмсақ мұқабалы кітап әдебиеттің деңгейін түсіреді деп Джордж Оруэлл дабыл қақты, бірақ, халық кітапқұмар бола бастаған жоқ па?... (verbum sat sapienti)

Әдебиет жазатын, кітап шығаратын аға-тәтелеріміз (пікірлерін сұраған жоқпын, бірақ осыған ұқсас тақырыптарда сөйлеген сөздерінен байқадым) бұл мәселеге жан-жақты қарамайтын сияқты. Олардың ойынша (субъективті пікірім әрине) бір кітаппен басқа  бір кітап бәсекелес. Ал шын мәнісінде қазіргі таңда кітаппен бәсекелестер олар: кино, ойындар, блогг (иә, блоггта кітаппен бәсекелес), әлеуметтік желілер және тағы басқалары. Кітап оқу мәдениетін дамытқымыз келсе, немесе тым құрығанда бір деңгейде ұстағымыз келсе, электронды кітаптарға жол беру керек деп ойлаймын. Тек сол кезде айтылған ақпараттық өнімдермен бәсекелес бола алады.

Оның үстіне, электпронды кітаптардың бағасы түскен сайын, оларға деген сұраныс жоғарылап келе жатқан көрінеді (бұны да мамандар жазыпты).

P.S.: Джордж Оруэлл жұқа мұқабалы кітаптармен соғысқысы келген жоқ, ол жәй ғана қате пікірде болды. Оның ойынша жұқа мұқабалы кітап – тым арзан, сондықтан оның қалтасына ақша аз түседі, ал баға арзандаған сайын, сұраныс еселеп көбейгенін білмеді... Өкінішті.

Сурет:  http://commons.wikimedia.org