Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #11
жеке
блог

Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #11

Үш нәрсе болса барлық қыз сұлу болмақ:

  • Талғам
  • Ақша
  • Ерінбеу.

Дегенмен табиғат кей адамдарды ерекше сұлу етіп жаратады. Солардың ондығы: 

1. Айнара Байжан. Айнара мінезі мен көркі үйлескен қыз. Қарапайым, ақкөңіл. Бұрын Массагет порталында жұмыс істеген. Болашақта мен Айнараны бизнес-леди, адал жар ретінде көремін. 
2. Қарлыға Бүйенбай. Қарлыға қазір өздеріңіз білетіндей Массагетте жұмыс істейді. Сұлу әрі ақылды. Қарапайым, инабатты. 
   3. Фариза Тұмабаева. КазГУ-да бір группада оқыдық. Сыртқы сұлулығымен қатар, позитивті, ақылды, пысық қыз. Құрбым Айтолқын Фаризаны адам ретінде қатты жақсы көретін. 
   4. Фариза Боранбаева. Ақтөбелік қыз, әпкемнің құрбысы, дәрігер. Мінезі ашық-жарқын, адамға жанашыр.  
   5. Айзат Меңдешева. Суретте сол жақтағы аққұба қыз (Жалғыз тұрған суретін таба алмадым). Еліктің лағындай оралдық қыз, журналист, тұрмыста. Мектеп кезінде аудандық олимпиадаға бірге қатыстық.  
   6. Ая Өміртай. Журналист, блогшы. Жүрегі нәзік, қарапайым қыз. 
 

 7. Ботагөз Жүсіптегі. Ақкөңіл, ашық, қарапайым, көпшіл журналист қыз. Қызылордада. Болашақта бизнес-леди ретінде елестетем. 

 

 

♥♥♥ Байқап отырғандарыңыздай, сұлу қыздарды қарапайым деп жазғанымда бір гәп бар. Сондықтан, жігіттер, сұлу қыздарға жақындаудан қорықпаңыздар! -))) Батыл болыңыздар, батылдықты барлық қыз бағалайды.

Енді қалған үш орынды Қазақстанға танымал аруларға арнағанды жөн көрдім. 

8. Әйгерім Қалаубаева. Бұл қызды танымайтын адам кемде-кем. Биші, әнші, сұлу қыз. 
   9. Аида Жантілеуова. Актриса. Болмысы сондай ерекше. Маған қатты ұнайды. 
   10. Жанар Дұғалова. Сұлулығымен қатар ақылдылығы байқалады. Болашақта кітап жазғысы келеді екен. 

Кезексөз кезегі Назерке Смағұлда -)