Les Choristes немесе Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

Les Choristes немесе Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
жеке
блог

Кейде жақсы фильм көргің келіп, сәл болса да жұмысыңды, жеке бас проблемаларыңды ұмытқың келеді. Кеше кеште менің де сондай күйге түскенім бар. Соңғы кезі француз актерлеріне қызығушылығым артып, фильмдерін көре бастадым. Бәріне мәлім "1+1" көріп болған соң, сондай атмосферасы фильмдерге тартылатын болдым.

Содан, ұзын сөздің қысқасы, кеше "Les Choristes" немесе Хористтер (Хор әншілері) фильмін көрдім.

Фильм музыка пәні мұғалімі мен қиын балаларға арналған интернат оқушылары жайлы. 

Отыз шақты ер балалардан тұратын сыныпқа жетекшілік етіп, интернаттың қатаң, тіпті жауыз директорымен де тіл тауып, балаларға музыканың әсем әлеміне жол аша білген талантты педагогқа тәнтті боласың.

Жұмсақ мінезді болса да, сол жұмсақтығымен, мейірімділігімен балаларды баурап алды.

Мейірімділік, расында, кез-келген жүректің кілті. 

Осы фильмді көріп отырып, есіме бала кезде оқыған "Республика ШКИД" түсті. 


Кей фильмдер естен шығып, ұмыт болады, мынау әдемі хикая естен кетпейтіндей екен.

95 минутыңызды қиып, көруге кеңес беремін. Өкінбейсіздер.

З.Ы. Мына балақайдың көздеріне ғашық болып қалдым)))