Асылыма...

Асылыма...
жеке
блог

  Мен жақсы көретін ең жақсы жүректің иесі - жаным, сенсің! Алтын күздегі сарғайған жапырақтар секілді сап-сары сағыныштарым менің де өзегімді өртеді. Сенсіз, қос қанатынан айырылған қарлығаш құс секілдімін. Есіңде ме, "Алланың пешенеме жазған тағдыры тоқтап, уақытым бітіп, соңғы демім қалғанда да сенің есіміңді атаймын" деп серт еткенім? Олай болса, сені қайыспайтын қара жерше мәңгілік сүйіп өтем! Сенсең, қалқам, сені өмірден артық жақсы көрем! Қайғысыз адамдарша қара суға емес, сенің махаббатыңа, сенің сезіміңе шөлдедім, жарығым! 

Қашанға дейін, айтшы, қашанға дейін арман қуып жүре беремін? Қашан бітеді жалғанның жалғыздығы? Қандай қиын, кінәң болмай, өзіңді кінәлі сезіну...Соған қарамастан кешірім сұрағым келеді. Тесігі бар жетім жүректі құрттай баладай "әне келеді, міне келеді" деп алдап қойдым. Қашан келіп, ұрлаған жүрегіңді, кеудеңе  бөлеп қойған бесіңді әніңмен тербетесің? Шыны керек,сезім атты кемемді күйретіп кеттің, жанарыма жас ұялатып, арман атты елесіңді құшақтатып , жансыз бейне суретіңе телміртіп, өкіндіріп, өксітіп, өкпелетіп, жаныма - мұң, жүрегіме - құз, көңіліме - құм құйып кеттің! Қиыншылықтың барлығына әлім келгенше төтеп беріп жатырмын, бірақ шегі жоқ, шаршатып жібертті...Айтшы, онымен шынымен де бақыттысың ба? Оған да маған берген сертіңді бердің бе? Оған да мені мүсіркеп жұбатқан асыл сөздеріңді арнадың ба? Бірақ...Оны да бір күні құз жардан лақтырмайсың ба? Өзгелермен көңіл жарастырып, мені бір сәтке де ойлағың келмейді ғой, алайда жүрегіңнің төрінде мен жүргенін жасырасың ғой, ЕРКІҢНЕН ТЫС, солай ма?! Жаным, менің саған деген махаббатымды ешкім өшіре алмасы анық. Тіпті арамыздағы салқын да. Сезімім - мәңгілік алауы секілді мәңгі жанып тұрады. Осы есіңде болсын. Ең болмағанда түсімде келіп маңдайымнан сүйіп кет, ал мен елесіңді құшақтап, тәтті мұңға батып ұйықтап кетемін....

 

16.12.2012

01:16