Кеңес керек?
жеке
блог

Кеңес керек?

Ішім ашып отыр… Кімге? Не үшін? Кім кінәлі?
Осы елдер бір жарыстан жеңіліп қалса әділқазыларды кінәлайды немесе «ештеңеге өкінбеймін» деп көлгірсіп жатады. Кім біледі шынымен өкінбейтін шығар. Ал мен үшін жеңілістен ауыр нәрсе жоқ! Ол менің әлсіздігімді көрсетіп береді, менің қателіктерімді, біле тұра мойындағым келмейтін қателіктерімді ішімдегі екінші Айгүл бетіме басып тұрып көрсетіп береді.
Алматыға оқуға келгелі бері көктемде ауылға барып шарбактын шөбін тазалап кетемін, содан мамырда ағама күнде қылқылдап жүріп жер жыртқызамын. Не керек сол жыртылған жер мен барғанша атыздалмай, ештеңе егілмей бос жатады. Жаздың басында барып атыздап, қауын-дарбыз, помидор, анау-мынау егеміз. Одан кейін жұмысы көп қой, суғару, шөбін жұлу, түбін қопсыту, соның бәрін істеп, пісетін кезінде оқуға кетемін. кейде бір-екеуін ауыз түйемін, бірақ сонша еңбегіңнің жемісін толықтай көре алмай кетесің. ІШІҢ АШИДЫ ИА?(бірақ, ағам кейде Айко жесін деп қалаға салып жіберіп тұрады)
Сол, қауын жей алмағандағы күйді кешіп жүрмін. ‪#‎ФБайтыс2014ке‬ қатыстым, үш рет айтысып, ширек финалға шықтым. Сөйттім де, дәл айтыс болатын кезде пәтерден көшу керек уақыт таяды, содан көшіп жүргенде қан-қысымым әдеттегіден қаттырақ көтеріліп кетті, сонымен не керек ширек финалда айтыспай қалдым. (Бұл жақта ағам жоқ қой, сонша айтысып соңына айтыспай қалды деп бөліп беретін) Дәл сол қауынды егіп, жей алмай кеткендегідей күй кешіп отырмын
Кім кінәлі?
Қазылар ма? Жоқ! Ол кісілер маған тек қана жақсы баға беріп келді. Aman Seytkanov, Серікзат Дүйсенғазы ағалар әрдайым мені басым етіп көрсетіп отырды. Демек олар кінәлі емес!
Ұйымдастырушы ма? Жоқ! Kairat Kudaibergenuly аға әрдайым қолдау білдіріп жүрді, демек Қайрат ағам да кінәлі емес!
Алматыға Айгүл келді екен деп үйдің кілтін бере салмаған әкім кінәлі ме? Ееее, халықта қанағат жоқ қой, жатып алып ауыз аша беруге әбден жаман үйреніп алғанбыз… Еңбек етпесең әкім қайтіп көмек бермек, біз түгілі өзі пәтерсіз жүр емес пе?!..
Денсаулығым кінәлі ме? Жоқ, ол байғұс қайтсін, темір ме? Студенттік поликлиниканың дәрігерлері «Айгүл тіркеудесің, кел!» деп шақырса да бармайсың қаралуға, өзің де дұрыстап мән бермейсің денсаулығыңа қашан құлағанша. Көңіл күйің болмаса тамақтан бас тартасың, сосын ауырмағанда қайтсін? Демек, денсаулықтың да кінәсі жоқ.
Бәріне кінәлі, жалқау, аурушаң, ақшасы, пәтері жоқ АЙГҮЛ, ӨЗІҢ!!!
Біздің үйдің елуге келсе де еркесі боп жүрген, жар дегенде ЖАЛҒЫЗ ағам бар, сол кісі өткенде «ЖҰРТТЫҢ СЕНДЕЙ ҚЫЗДАРЫ БІР ҮЙДІ АСЫРАП ОТЫР, АЛ СЕН...» деп ұрысты. Ал мен болсам, грантта оқимын, тамағыма, киіміме ақша сұрап үйге салмақ салмаймын деп өзіме риза(довольно) боп жүргенмін ғой жайбарақат, сөйтсем жұрттың пысық қыздарына көз салмаппын…
Сол жасым болса жиырмаға тақады, ал менде әлі е көлік, е үй жоқ! Былайша айтқанда ДЫМ да жоқ! Ең болмаса, орыстың ладасын алу керек, автобуспен жүргенше… Қайдан оған, айына 2 мың доллар табатын жұмыс керек… Ондай айлық төлейтін адам бар ма екен өзі?
Негізі айтыстың финалына өтіп тұрып, қатыса алмағаныма ішім ашып отырғанын жазбақшы болғанмын ғой, көп сөйлеп кетіппін. Жарайды, "ӘР ІСТІҢ БІР ҚАЙЫРЫ БАР" еді ғой, Алла қатыспауымның өзіне бір жақсылығын жасырған болар деп үміттенемін.
Сол ойланып отырмын да, бір тірлік бастау керек шығар… еңбек ету керек шығар, тірліктің көзін тауып… Ақыры, бәріне кінәлі өзім, бәрін шешетін кез де келген шығар. Қимылдау керек… ‪#‎Тұрсынбек‬ айтпақшы, «Бір нәрсе істеу керек». Бірақ не? 
Ой қосатындарыңыз болса, мархаббат! Тек құрғақ ақыл емес, нақты проект, тың идея, керемет бастамалар болса ғана ұсынуларыңызды сұраймын АҒАЙЫН?!..