Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #2

Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #2
жеке
блог

...Әйелдерді еркектерден көп дейді.

Ойбай, Ойбай!..

Бола берсін көп, мейлі!

Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді...

 

Әйелдің сұлулығына сан ғасыр жырлар мен поэмалар арналып, шабыттар шарқып, қаншама қас суретшінің қолынан тамаша туындылар туғаны анық. «Сұлулық әлемді құтқарады» (- дегенге бір кісі мен әлемді жауынгерлер құтқарады екен десем- депті) Қызықты бір эстафетаны бастаған екен Берік атты жігіт. Маған алғашқы кезегін ұсынғаны үшін алғыс айтамын!!! Қоғамдық желілерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан талай сұлуды көріп, тамсанып жүреміз. Осы шынында қарап отырсаң қазақтың қыздарынан асқан сұлу жоқ қой, шіркін!!! Орыстың болсын,корей, неміс, монғол, қытай т.б ұлттардың қыздарының ішінде сұлуларын мүлдем аз көрем. /әлде өзімше мойындағым келмейді ме?/ Сонымен кеттік, сұлулық әлеміне саяхатымызды бастайық:

 

Сұп сұлу әртіс қыз Әлия Телебарисова. Өзіне тән нәзік дүниесі мен тән сұлулығы әдемі үйлесім тапқан. Таланты да тамаша.

 

 

Ақылы көркіне сай "өзіміздің" Анара Мұстафинамыз!!! Парасатты, оқыған- тоқыған, ақылды сұлу.

Бұл сұлу қыздың өзімен жеке таныс болмасам да, Пейісбук қыздарының- Пейіш гүлдерінің ішіндегі ең активныйы деп ойлаймын. Өзі сондай сұлу. Білуімше журналист-ау деймін.

Байқап отырған шығарсыздар сұлулардың көбі талантты, ақылды қыздар.

 

Жан құрбым, жарқыным, алтыным Мақпал Сембайды қосамын сұлулардың ішінде. Ол мен үшін бәәәәрінен де сұлу... рас айтам:


Өзімнің сіңілім ҚазҰУ-дың 3-ші курс студенті Жадыра Әлімтайды да сұлулардың қатарына қосқым келіп отыр:

 

Тағы да бір ару- Рауана Тамшы.  ФБ дан алдым суретін "ұрлап". Расында да әдемі.

Сұлулардың әлеміндегі келесі кейіпкеріміз- актриса Қарлығаш Мұхамеджанова. Сұлуууу иә)))

Тәәәәк, дәлші кеттік:

Нааағыз қазақ қызына тән бар қасиетті өзін көріп білмесем де, суреттері мен керемет әсер қалдыратын жазбалары арқылы танып жүрген Нұршат Калкенбаевадан көре аламын:

Массагеттік қыздардың бәрі сұлу ғой шіркін!!! Немене басшылық сұлулықтарына қарап жұмысқа алатын болған ба?)))

Мико ғой бұл:

Тұрысты қарасай  әдемі үйдің 20-сыншы этажымен теңесіп, сұп-сұлу болып!!!

 

Ең соңында ренжімеңіздерші өзім сұлу деп танитын екі сары балапанымда қосып қояйын. Екеуі қосылып 10-шы  ару болсын)))


Ееех аналық жүрек. Балаларына бірдеңесін бөліп бергісі келеді де тұрады екен

Эстафета "заң" бойынша бір қыз бір жігіт екен. Ендеше кезек, кезек ендешееее "там-тара-таам"-Қайсар Жансақұлыда.