Кел достарым, блог бастадым...

Кел достарым, блог бастадым...
жеке
блог

Ассалаумағалейкум массагеттік ханымдар мен мырзалар! Қал жағдайларың қалай? Шаршамай шапқылап, ойнап - күліп массагетте аман - есен жүрсіңдер ме?

Жалпы менің аты - жөнім Қайсар Жансақұлы. Массагет сайтын білгеніме 1 жылдан асып кетті, тіркелгеніме көп бола қоймады. Мен алғаш тіркелгеннен мені ешқайсысы жақтырмады. Массагетте 2-3 рет өшіріп тастады. Оның себебі былай, "Шымкент - салт дәстүрдің астанасы" деген мақала жазылған болатын. Алғаш тіркеліп, пікір жазайын деп, жаңағы мақалаға кіріп қалсам... Шымкентті біразы көре алмайды екен.  Біз Шымкенттіктер мақтаншақ болғанымызбен, намысшыл келемізда. Біреулер сәл жерден жамандаса көтере алмаймыз. Сөйтіп жүріп жанжалдасып кеткен жайым бар. Содан соң мені "Талғат" дейтіндер көбейіп кетті. Талғат кім? Талғат деген кезінде массагетте тек жаман пікірлер жазумен атағы шыққан қолданушы ол. Бірақ мен Талғат емеспін. Негізі әзілге кішкене жақындау адаммын, кішігірім той-томалақ, "бешірлерде" асабамын. Әр мақалаға пікір жазамын, әзіл араластырып. Бірақ сол жазған пікіріме "не понравилось" деп келіп тұрады. Не болған сендерге, барлықтарың кредит алып-алып, настроениелерің бір түрлі болып кеткен ба? Ай, осылар кішкене жымисыншы деп 1 - 2 анегдот жаздым, олда ешкімге ұнамайды. Тағы да "не понравилоь". Қазір үйреніп қалдым не понравилосқа. Массагет жақсы сайт қой. Бәрі де қазақша, ойыңды ашық жеткізуге мүмкіндіктер бар, тек жаман сөз айтып қоймасаң. Күнделікті жаңалықтар, қызықты оқиғалар, керекті кеңестер, тест, сұрақ - жауаптар, кереметтей блогтар, бәрінде табуға болады. Керек десең кино, клип, өлеңдерде бар. Менде қызықты блогтар жазып, қызықты жазбаларыммен бөліскім келіп жүр. Бірақ әуелі өзімді ақтап алайын дедім осындай блог жазып. Көбінесе қол баосай бермейді, қазір отырмын 1 сағат обедімді массагетке арнап. Алдағы уақытта менде массагеттің қолданушылары сияқты керекметтей блог жазамын.

Сосын өтініш дейін ба, әлде жалпы өзің түсініп аласың ғой Айбек, осы менің артымнан түсіп әр жазған пікіріме қыстырыла бермеші. Шаршатып жібердіңше.

Аватарда менің суретім жоқ, оған себеп менің әйелім, мені қатты қығанады ма, әлде шын ниетімен айтады ма, әлеуметтік желілерге фотоңды қойма, көз тиіп кетеді, - деп айтады, Бір жағынан дұрыс. Әйелімнің күйеуі өте сұлу. Бір жағы әріптестерденде ұят. Массагетке кіріп біреуі болмаса, біреуі осы жазғандарды оқып қалса, "біздің бастық қуғынбай біреу екен" деп қалама дейсіңда. Өзім "Халық Банкінің" Мақтарал аудандық филиалынң директорымын, - дер должностыда айтып қояйын. (ия, мақтаншақпын, іштеріңнен айбии, мақтаншақ,- деп айтып үлгерген шығарсыңдар).

Қазірше айтарым осы болып тұр. Қазақ жастары массагетпен бірге алға.

Әшейін кетпей, сұрақ тастап кетейік. Массагет деген қандай ұғымды білдіреді? Бұрынғы массагет тайпасының ұрпақтары емессіңдер ма? Астында тұратын "теги" деген жерге не жазады? Мен оны аты-жөні, тегі деп оқып жүрмін. Тегімді жазып кетейін.