Барына, бәріне шүкір десең, жоқ жоғалады

Барына, бәріне шүкір десең, жоқ жоғалады
жеке
блог

Қайсы істе болсын, кімге қатысты болсын бәрібір мен танитын кез келген адамның сәтсіздігіне мен кінәлі секілдімін. Өзімнен-өзім кешірім сұрағым келіп, кібіртіктеп, қарсы жақтың сөзін бағып, көзіне тура қарауға қорқып, әрең тұрамын. Жоқ болсам, жанымдағыларға әлдеқайда жақсы болатын шығар деп ойлаймын.

***

Сізді "сіз" қылып, бізді "біз" қылып отырған тек - сыйластық. Ол жоғалса, жалпы ұғымға айналып кетеріміз анық.

***

Қадірің артсын десең, өзгені қадірлей біл.

***

Қазіргі кезде адамдарға деген сенімім өкшесі басылып, сүйретіле-сүйретіле табаны тесілген аяқ киімдей болған.

***

Сіздің кім екеніңіз, кім болғаныңыз, кім болғыңыз келетіні маңызды емес, адамдықты жоғалтқан шақта.

***


Нәтижесі өзің күткендей болмайтынын біле тұра, сол іс үшін сонша азаптанып, сонша тер төгіп, сонша қиналудың қажеті жоқ. Одан да басқа бір пайдалы, хайырлы іспен айналысқан абзалырақ. Адамдарға да қатысты солай. Сенің қадіріңді білмейтін адамның жанында бір секунд та тұрудың мәні жоқ. Өзіңді бағалайтынды сен де бағала.

***

Барына, бәріне шүкір десең, жоқ жоғалады.

Н.ғ.: Сүгіреттер сөйлесін. Жазғы демалысым осылай аяқталды.

е

х

л

ц

ъ

г

гұұ

гггг

цу

ққ

апр

ва

мпан

зх

щ

Төмендегі суретті динозаврға ұқсаттым.

н

ае

вап

у

ггз

кп

щзх

шзшщ

гзг

чс

ыы

джл