Алға, Әлішер!!!

Алға, Әлішер!!!
жеке
блог

Егер кейбір ағаларымыз сияқты барлық нәрсені саясат тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда жыл сайын Латвияның Юрмаласында жүйелі түрде өткізіліп тұратын "Жаңа толқын"("Новая волна") байқауының биылғы сынында, еліміздің атынан шығатын Әлішер Кәрімовтың айы оңынан туайын деп тұр-ау, шамасы... "Евровидениеде", одан қалса, осы "Жаңа толқында" да экран сыртындағы ағайындары бір-бірінің әншісіне дауыс беруден шаршамайтын және әлеуметтік желілерде бірін-бірі ақтық демдері қалғанша мақтап, өздеріне ғана көмек қолын созудан жаңылмайтын Ресей мен Украинаның қатысушыларының хәлдері қалай болар екен?! Қызық!!!

Мақұл! Байқауды ұйымдастыратын Ресей, яғни шоқтығы биік жұлдыздары сол елдің(Игорь Крутой,Александр Ревзин,Пугачева Алла,Игорь Николаев,Юрий Антонов,Валерий,Константин Меладзелер,Леонид Агутин, т.б.). Онымен қоса, сайыс "почти" Ресейдің жерінде(Латвияда) өтпек. Сондықтан, Ресей қатысушыларын(ал олардың саны 3-еу) жүлдегерлер санатынан шығармайық (негізі әншілері осал емес).

Жанағы Украинаңнан - бақандай 2 "певец". Біреуі "тошна" біразға дейін шапқысы келіп-ақ тұр... Әттең, аяғын тұсаулауы әбден ықтимал. Тұсап, өре байлап, шідерлейді-ау сол (Көңіл үшін 5-ке кіргізіп жібермесе...)... Әйтпесе, жылда қалғандарына жүлде ұстатпайтын кіл мықтылар жібереді "хлопцы Украинские".

Ал Меркель мен Наполитаноның "батырлары" не істемек? Сұрқия саясаттың кесірі оларға да тиер ма екен? Немістерге жақында ғана алған "алтындары" жарайтын шығар, бір жағы. Бірақ Гитлердің ұрпағы "қанағат" дегенді біле ме?! Италия да "кәрі құрлыққа" ықпалы бар "держава". Бірдеңе етер енді.

Анау Литва,Грузия,Армения,Қырғызстандарың "темная лошадка" болады биыл. Үн-түнсіз жүріп-ақ, жүлде-пүлде,микрофон,сахнасымен қоса қағып кетейін деп тұр олар.

Бразилиядан қатысушы келмепті осы жолы. Әйтпегенде, "BRICS-тың" бір мүшесін үлде мен бүлдеге орауға болар ед. Путиннің қолынан келмейді дейсің бе Дилма Русефтің көңілін табу. Келгенде, еще қалай келед?!...

Жарайды! Көре жатармыз! Қасиетті Оразада отырып көріпкел болмайын!!! Барымызша талдап көріп жатқанымыз ғой тек. Бастысы, Әлішердей "Әлия" деп ән салған өнерлі өрендеріңнің көрермені һәм қолдаушысы болыңыздар! Үстел басында, шәй үстінде өсектеп отырып, "өзбек" екенін өзге жұртқа естіртіп, күллі қауымға жар салып жүргенше, жұдырығымызды қысайық әншіміз үшін!!! Қанымыз бір болмаса да, бір кемеде шығармыз, жанымыз бір ғой!!! Алға, Қазақстан!!!