БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ "АЙФОНЫ"

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ "АЙФОНЫ"
жеке
блог

 БАЛАЛЫҚ  ШАҒЫМНЫҢ "АЙФОНЫ"

Сендердің дивандарыңды қайдам біздің үйдің диваны екі қабат. Екі этаж дегенім ғой) Көтере қалсаң ішінде не жоқ десейші?! Көбі менің ойыншықтарым. Су шашатын пистолеттерім, пульттерінің батариясы бітіп қалған машиналар, айтпақшы сары ЮПИ-дің де сырты жатыр. Бұларды қойш, бала кезімде әкемнен тығып ойнайтын балалық шағымның айфонын тауып алдым. Тетрис. Әй жүгірмек, хаккер болып, банк тонап сотталайын деп жүрсің ғой,-деп ұрысқанда сасқанымнан "әке бұл хаккер қылмайды, мұғалім ойнаңдар, миларыңа жаттығу болады"-деп құтылатынмын))) Мен шалдың баласымын, әкемнің сөзі - Заң! Көп айтқыза бермейді, менде көп қақсата бергім келмей көп ойнамадым. Сол су жаңа қалпында тұр. Көрпенің астында жатып терлеп-тепшіп тұрып ойнайтын кездерімнің куәсісің ғой айфоным. Сефіме айналған диванның астына салып, өз дәуіріңе қайта жіберейін. Сағынсаң алып, ойнап тұрамын. Айтпақша саған батарея салуды ұмытып кеттіппін. Келесі бірде салып қоям! Уәде берем! Ал,мен ұйықтайын, қайырлы түн - "Балалық шағымның айфоны"...

"Арнайы Massaget.kz үшін!"