Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын. Бұл нақыл сөздің өмірде іске асуын Үнді жерінен көруге болады. TengriMIX ерекше бастама жайында сүйінші сұрап жазды.
Үнді үкіметінің көшет отырғызу идеясын жалпыұлттық ауқымда қолға алғанынан бері бірнеше жыл өткен. Аталған жобаға 6,2 миллион доллар көлемінде қаражат жұмсаған. 2030 жылы жоспар бойынша бұл мемлекетте орманның көлемі 95 миллион гектарға дейін ұлғаюы керек. Өткен жылы 800 мың адам бір тәуліктің ішінде 50 миллион ағаш отырғызған. Ал биыл бұл көрсеткіш жаңарды. Үнді халқы 12 сағаттың ішінде 66 миллион түп көшет отырғызыпты. Акция Гиннес рекордтар кітабына енгізілгелі жатыр. Адам адаммен тек жақсылық жасаудан жарысса, әлем жамандық атаулыдан алыс болар еді дегеннің бір көрінісі осы.