Cайтымызда 20 000-шы жазба жазылды

Cайтымызда 20 000-шы жазба жазылды
жеке
блог

Сайтымызда жазылған жазбалардың саны 20 000-нан асты. 2011 жылдың қысынан бері етілген еңбектік сандық көрсеткіші осы. Осы нәрсе мені ойдан-ойға жетелеп, нәтижесінде сіздерді сайттың басқа да статистикалық мәлімметтерімен таныстыруды қаладым.

Журналистеріміздің жазған мақалаларынан бөлек ардақты оқырмандар осы уақытқа дейін 11 997 блог жазып үлгеріпті. Ал оларға жазылған пікірлердің саны 200 мыңға жақындады. Форумда қалдырылған хабарламалардың саны 25 мыңға таяды. 

Бұдан бөлек  406 бейнеклип, түрлі сериалдардың 179 сериясы, 9 көркем фильм қазақшаға аударылып үлгерген екен.

Бұл 3 жылға жетер-жетпес тарихы бар сайт үшін жақсы нәтиже.

Сайттың контенті сапа тұрғысынан да өзгерді.

Қазіргі таңда оқырмандарға практикалық маңызы бар ақпараттарды көбірек беруге тырысып жүрміз. Сонымен қоса, өзіміз видеоға түсіріп, өзіміз монтаждап, өзіміз текст жаза алатындай конвергенттіліктің қыр-сырын үйреніп, зерттеп жатырмыз. Байқасаңыздар, сайтымызда экслюзивті өнімдер көбейіп келе жатыр. 

Әрине, бұның барлығы тек сіздердің арқаңызда. Сіздей оқырмансыз, біздің дамуымыз екіталай болар еді.

Біз ешқашан бір орында тұрып қалмауға тырысамыз. Ілім-білімге талпынған қазақ жастарының зиялы ортасын құра алсақ, біздің арманымыздың орындалғаны деп біліңіздер!