Сәкен ағамыздың соңғы өлеңі...

Сәкен ағамыздың соңғы өлеңі...
жеке
блог

– Сәлем де Көкшетаудың биігіне,
Бауырында ойнақ салған киігіне.
Ұсталып, «халық жауы» боп кетіп барам,
Қайтып кеп оралам ба үйіріме.
Халқыма оқ атқам жоқ, атпаймын да,
Халқымды сатқаным жоқ, сатпаймын да.
Қамалып, «халық жауы» боп кетіп барам,
Білемін, бұл сапардан қайтпаймын да.
Жауым деп халқым мені ойламасын,
Сәкенін кейінгі ұрпақ есіне алсын.
Арманым сағым болып ұстатпады,
Шіркін-ай, мұны қайтіп ұмытарсың?..

Сәкен Сейфуллин ©