Шәкәрімнің қолжазбалары елге қайтарылды!
блог
30 - жылдардың зұлмат жылдарында жалғыз Шәкәрім атамыз ғана емес, күллі қазақ зиялыларына жыртқыш ан жемтігін андығандай жылдар болғаны барлығымызға аян! Бұл жылдары Шәкәрімге ғана емес оның ұлдарынада іздеу жарияланды. Үлкен ұлы Зият, Құнанбайдың ұрпағымен бірге туған жерін тастауға мәжбүр болды! Алтай өңіріне қашып, кейін елін тастап "аспанасты" еліне қоныстануға бел буған Зият бірден "Синьцзян-Алтай" газетінде тілші болып жұмыс атқарады! 1996 жылы Үрімжі қаласына қоныс тігеді! Сол қалада тұңғыш рет әкесінің қолжазбаларын жария етеді!
Қазақ, қырғыз,түрік хандары туралы еңбектері, махаббат сарынына толы жырлары мен поэмалары, мысалдары мен өлеңдері қарапайым қытайлық қазақ отбасында осын күнге дейін сақталып келген! Ұлы ақынның ұрпағы жазушы-ақын Көпен Асқарұлы бабасының асыл мұрасын сан-қилы жылдардан соң елге аманаттап тапсырды!
"Атанның еккен ағашы ұрпаққа сая" демекші Шәкәрім атамыздың өлең - мысалдарымен қанша ұрпақ мектеп қабырғасында танып келеді, тани береді...