Қыз мұраты ма, жар міндеті ме тақырыбын қоя алмадым)
жеке
блог

Қыз мұраты ма, жар міндеті ме тақырыбын қоя алмадым)

Қыз мұраты деген тақырып қызу талқыланып жатыр екен. Өзім ер адам болғаннан кейін, әрі бойдақ болғасын жиі ойланатын нәрсем. Өзімнің қарындасым тұрмысқа шыққанда, қатты қуандым. Сонда маған бір жеңгем ренжіген «құтыла алмай жүрсің бе?» деп. Ал мен құтыла алмай жүріппін бе?

Әрине, жоқ.

Ауылда әкемнің бауырларының қыздарын көшеде көрсем, қаным басыма шабатын. Себебі мен қызғанатынмын. Жігіттермен сөйлесіп тұрғанын көрсем, ағасы құсап сөйлейтінмін кіші болсам да. Бірақ олар мені тыңдамайтын. Сол үшін өзім көшеге шықпайтынмын. Өйткені туысқан қыздардың көшеде жүргенін көргім келмейтін. Ақыры олар да отбасылы болды. Мен қуандым... Расымен...

Қарындасымды тіпті қатты қызғанамын. Көптен бергі адал досы болса, сөгеттігі жоқ қой қазіргі уақытта. Тек адал, арлы жігіттер тым аз болғасын, қалай қызғанбайсың?! Менің қуанышымның себебі сол еді. Енді қарындасым бір үйдің отын түтетуші. Менің сол зор қуанышымның ар жағында зор қауіптің сейілгенін жеңгелерім қайдан түсінсін. «Жас қой» дейді. Бар ақтап алар сөздері осы. Сондықтан да әр қыз бала тұрмысқа шықса, мен қуанамын. 

Ал енді әйел мен ердің міндеті бұл кең тақырып. Әр түрлі трактовка жасай беруге болады. Қиялмен шарықтап, арманыңның бәрін еріңнің алдына жайып салып, мойнына артуыңа да болады, қарындас. Бірақ ол оны көтере ала ма? Өмірдің бар мәні, қуанышы, құндылығы шетел асып, теңіз көру ме? Жалған романтика мен жабайы романтиканың арасын біз нақты ұстанған халық емеспіз. Бір шектен бір шекке тез ауысып отырамыз. Әйел адам не үшін демалмау керек? Ер адам әр жылда бір жақсы демалыс жасап берсін жарына. Бірақ шамасына қарай ғой.

Әрі реалист, әрі романтик болу керек меніңше.

Ертерек үй болғанға жетпейді бәрібір. Мына өмірде жарыңнан, балаларыңнан тәтті не бар? Бар өмірді солар үшін сүресің? Сол өмірді бәрібір діннің аясында сүру керек. Дінсіз ешқашан байып таппайды екенсің. Бұл кез келген ақылы сау адамның сөзі деп ойлаймын. Қазір дінге бет бұрмасаң да, жүрегіңнің түбі саған соны сыбырлап тұр. Ертең қартайғанда, бет бұрасың, Құдай қаласа. Сонда жас кезімде үйренгенде оңай болар еді дерсің. Мен аса тақуа адам емеспін. Күнделікті істейтін қателерім жетерлік. Сол қателіктерімнен үйленгенде де көп алыс кете қоймаспын. Сонда менің  жарым пенделігіне салып ашуланып, Құдайға құлдығын ойлап кешірер. Қорыта айтпағым ердің әйел алдындағы, әйелдің ер алдындағы міндеттері бар. Соны екі жақта жақсы біліп алса, көп мәселе туындамайтын шығар. Екі жақ өз міндеттерін жақсы білмеген соң, сен бүйтпедің, мен сөйттім деп айтады. Ал өз міндеттерін жақсы білсе, кім нені істеп, нені істемей жүргенін жақсы білер еді. Алла сіздерге жақсы жар нәсіп етсін.