Сіз де электриктен қорқатын ба едіңіз?
жеке
блог

Сіз де электриктен қорқатын ба едіңіз?

«Полиция келе жатыр», «налоговый келе жатыр» не болмаса «участковый келе жатыр» десе елең етпейтін біздер «электрик келе жатыр» дегенді естісек шашымыз тік тұратын еді ауылда. Көшенің басына электрик көрген кезде елдер жапа тармағай «ұрлық» тоқтарын ажырата бастайтын. Электрик- әзірейіл тәрізді... аяқ асты  айтпай келеді. Тіпті құрбымнан естуім бойынша ауылдағы бір кісі электриктің келе жатқанын естігенде есі шығып талып қалыпты дейді. Не деген үрей десеңізші, адамды талдырып жатқан. Елдер кезінде жаппай ұрлайтын еді ғой тоқты. Сондағы төлейтініміз 200-300 теңге асып жатса. Сонда да счетчикке шанышқы тығып, ине шаншып аппаратты жаңылдыратын едік. Тоқты көп тартады ау деген «духовканы» «ғажайып пешті» (чудопечь) көзден тасалап әлектенетін едік.  Светті кесіп кетсе жүрегіміз кәдімгідей бір-екі күн ауыратыны бар тағы. Әй сонда да ол кісілер кімнің қалай, қанша ұрлайтынын біліп ақ жүреі ау. Білдірмейін десең де  аяқ асты келген қонақтан үркіп бозарыыып  кеткен жүзіңнен, бадырайған көздеріңнен, өзіңше ештеңе болмағандай «серезный»  күй танытқан түріңнен-ақ оқып қоятын шығар олар. Амал жоқ «ұсталмаған ұры емес» болғасын амалсыз қайтатын еді. Кеткен кезде бір керемет қиындықты артта қалдырғандай рахат күй кешетін едік сол сәтте.  Сол күні тоқты қоспай "тәртіпті" бола қалатынбыз «әй қоспа, тағы келіп қалар айналып» деп. Тура бір ТОМ мен Джерри дерсің))).