Массагет, мен оралдым!

Массагет, мен оралдым!
жеке
блог

Армысыздар, қазақ жастарының санасына сапалы дүниелерді қондыруға аянбай еңбек етіп жүрген массагет ұжымы! Және сол сапалы дүниелерді басқа да сайттардың жазбаларымен салыстырып, саралап, өз пікірлерін қалдырып, алғыстарын жаудырып жүрген массагет оқырмандары! Мен алдыңғы жылы дәл осы айда массагетке тіркеліп бірнеше жазбалар жазып бастағанмын. Бірақ, алдымда ҰБТ тапсыру керек болғандықтан жазбаларымды тоқтата тұруыма тура келді. Міне, мен қайта жазуды бастап отырмын. Айтпақшы, бізде жаңалық та жоқ емес. Мүмкін, ол жаңалықты естіп те қойған боларсыздар... Біздің Шымкент қаласындағы саябақта тегін спортық жаттығу құралдары орнатып қуантқан қала әкімшілігі мынадай жаңалықпен тағы да қуантып отыр. Келесі айда,бұйыртса, қала саябақтарында тегін интернет орнатамыз дегенді айтады. Және оған көлемді қаржы бөлініпті де. "Неге тегін интернет саябақта?"-деген сауалға:-"Қазіргі жастар парк, саябақтарға бармай қойды,"-депті. Менің ойымша, енді жастар саябақтардан шықпай қоятын болды-ау))

Міне, осындай қызықтар. Келе жатқан күндері сіздерді тың жазбалармен қуантармын деп ойлаймын. Массагетке қайта тіркелгеіне қатты қуанып отырмын. Араларыңызда мені еске алғанда бар ма?