Абай бүгін не дер еді?  (Қадырдың тілімен)
жеке
блог

Абай бүгін не дер еді? (Қадырдың тілімен)

Мақтау сөздің патшасы, сөз сарасы. 

(Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы)

***

Интернетте оқып жүр,
Талай қазақ балбесі

(Интернатта оқып жүр,

Талай қазақ баласы)

***

Көп адам дүниеге бой алдырған:
Ұстазы студентке қой алдырған

(Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған)

***

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, жинаған малыңа сен,
Алып шығар екеуі екі жақтап.

(Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, 

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап)

***

Жасымда пара бар деп ескермедім

(Жасымда ғылым бар деп ескермедім)

***

Қартайдық, тоқал ойладық, ұйқы сергек 

(Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек)

 

Материал Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» атты афоризмдер жинағынан алынды