Менің ыстық Отаным!

Менің ыстық Отаным!
жеке
блог

Армысыздар достар! Бүгінгі тақырыпқа сай менде өзіме ыстық мекендерім туралы жазып кетейін. Көпше түрде айтқан себебімді жазба барысында түсіне отырарсыздар.

Менің кіндік қаным тамған жер ол әрине Сыр елі, жыр елі. Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келдім. Әлі күнге дейін маған өте ыстық. Жылына бір рет болсада барып, мауқымымды басып қайтам. 

Қазыналы Қазалы

Туған жерім туралы нақты айтпай-ақ қояйын, өйткені бұрынғы жазбаларымнан оқырсыздар. Өйткені Сыр елім туралы көп жырлаған болатынмын. 

Сыр елінде көптеген мәдени қайраткерлер, өнер адамдары дүниеге келген. 

Қазақтың Ақбаяны - Мәдина Ералиева 

Акбаяны

Композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері-Кеңес Дүйсекеев

 Ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Шөмішбай Сариев

Белгілі әнші сұлу қыздарыныз - Мәдина Сәдуақасова мен Жеңіс Ысқақова

 

Гүлнұр Оразымбетова мен Азия тобының мүшесі Ербол Шарипов

Керемет әнші, композитор - Жеңіс Сейдоллаұлы

Танымал қазақ елін танытқан Батырхан Шүкенов ұлдарыңыз

Жас әншілер Алмас Кішкенбаев пен Серик Ибрагимов

Дәстүрлі және эстрада әншілері-Өмірқұл Айниязов, Әлихан Дүйсенбай, Елена Әбдіхалықова

 

 

Сонымен ең жас танылып келе жатқан әнші-Жасұлан Әбдурахман

Ең жарасымды жұп Жанболатта біздің елден, ал Жазира Аралдың келіні.

 

Қос батырымыз - Илья мен Алмас. Үлкен үміт күтіретін азаматтар.

Олимпиаданың күміс жүлдегері - Мария Волнова

Әрине біршама қаздай тізе берсең өте көп. Шіркін Қазақ елінің атын асқақтата берсе екен.

 

Ал менің өскен жерім - Ақтөбе қаласы. 

 

Ақтөбе қаласында балалық шақтан кетіп, бойжеткен кезім есте қалды. Отбасым Ақтөбеде тұрады. Жылына 3 рет барып тұрамын. Ақтөбеде біртіндеп көркейіп келе жатыр.

 

Елімізге Елбасы келіп, осындай Ақ тілегін арнап кеткен.

Ақтөбе қаласы.

 

Ақтөбе Футболдың астанасы шығар. Ең жанкүйері көп қала. Футболға бара қалсаңыз кассада билет жоқ болып айқай шуға тап боласыз.

Алға Ақтөбе!!!!

 

Ақтөбе елінің қазіргі мақтаныштары

Қанат пен Света Айтбаевтар отбасы және баласы Димаш Қудайберген.

 

Ал мына әншісіз Ақтөбеде той өтпейді. Өйткені қазіргі кездегі хит орындаушы. Мария Магдалена, Асыл азамат, Даурия әндерінің орындаушысы. Есімі - Асхат Тарғынов.

Ал қазіргі кезде тұрғылықты жерім Елордамыз Астанада тұрамын.

Жақында Астананың 16 жылдық мерейтойы мен Елбасымыздың туған күнін тойладық. Мереке керемет өтті.

Астанада қызықты сәттерім көп болды. Астанада жұмысқа орналастым. Қазір мен Министрліктер үйінде қызмет атқарамын. Жұмысқа бара жатқан сәт.

Астана жайында мәліметтерде, фотоларда көп. Ең бастысы жол түссе, көзбен көріп кеткенге не жетсін. Мені байланыстыратын осы 3 облыс. Мен үшін үшеуіде ыстық. Рахмет.